Қоғам

Ермек Көшербаев Сергей Лавровпен кездесті

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу өткізді.

СІМ

Тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерінің кең ауқымын, алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлар кестесін талқылады, сондай-ақ өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға деген ортақ ұмтылысты растады.

«Елдеріміз арасындағы кешенді ынтымақтастық жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келеді», – деп атап өтті Е.Көшербаев.

Келіссөздер барысында РФ Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды.

Тараптар жоғары деңгейдегі тұрақты әрі мазмұнды байланыстар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамытуда айқындаушы мәнге ие екендігін, одан арғы бірлескен жұмыстың стратегиялық бағытын айқындайтынын және қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті іске асыруды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сайт Әкімшілігі