Саясат

Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ: «Nur Otan» озса, бұған басқа партиялардың өздері кінәлі

Қайда басқа партиялар?

Jasalash.kz

       Ел ішінде «биліктің бұлбұлы» атанып кеткен мемлекеттік қайраткер Ермұхамет Ертісбаев күні кеше ақпарат айдынында тағы да өзінің бар екенін бір білдіріп қойды.

     Ол YouTube-тегі саяси каналдардың біріне сұхбат беріп, еліміздегі басқа партияларды «Нұр Oтаннан» үлгі алуға шақырыпты. Оның пікірінше, қазір саяси алаңда «Нұр Отанға» тең келетін партия жоқ. Қайда барсаң да, билік партиясы өзгелерден оқ бойы басым екені айқын байқалып отыр. Бұған бәсекелес өзге партиялардың жұмысты әлсіз жүргізуі мен «Нұр Отанның» алғырлығы себеп екен.

    – «Нұр Oтан» партиясы толық басымдыққа ие болып отыр. Идеологиялық тұрғыдан да, партиялық-саяси, ақпараттық жұмыс жағынан да олар озды. Сайлауалды науқанына олар ертеден қамданып, өзгелерден ширақ болды. Былтыр тамыз айында Назарбаев праймериз өткізу мен партияны қайта жандандыруға (атышулы перезагрузка) тапсырма берген. Енді, міне, нәтижесінде «Нұр Oтан» көмбеге өзге партиялардан оқ бойы озып келе жатыр. Басқа партиялардың жұмысы сылбыр. Олар сайлауға 2-3 апта қалғанда ғана қимылдап, елдегі наразы халық соңымыздан ереді дегенге сеніп құр отыр. Меніңше, бұл үлкен қателік, – деп сайрапты Ертісбаев.

Әділ Кемеңгер
Тегтер: Без Тега