Саясат

Ертісбаев енді елші емес

ҚазақстанныңБеларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ермұхамет ЕРТІСБАЕВқызметінен кетті.

Jasalash.kz

Бұл туралы «ЖасАЛАШ»сайтының елордадағы тілшісі хабарлайды. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен ЕрмұхаметҚабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағыТұрақты Өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды», — деп хабарлады президенттіңресми сайты. 

Президент Қасым-ЖомартТОҚАЕВТЫҢ жарлығымен бұл қызметке Асқар БЕЙСЕНБАЕВ тағайындалды.

Биыл қараша айында 63 жасқа толатын Ермұхамет ҚАБИДЕНҰЛЫ13 жыл экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ көмекшісі болған. Мәдениет, ақпаратжәне спорт министрі болды. Сол кезде журналистердің сүйікті кейіпкерінеайналды. Журналистермен қарым-қатынасы нашар  ақпарат министрі болып есте қалды. Биыл зейнетжасына толған Ертісбаевтың әзірге қайда барғаны белгісіз. Бәлкім «шаршаған»болар. Демалатын шығар.

Фото: inbusiness.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега