Қоғам

Ержан Жиенбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Ержан Жиенбаев 2023 жылдың қыркүйегінен бері Президенттің көмекшісі қызметін атқарған. Бұған дейін, 2019 жылдың қазан айынан бастап Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болған.

Ал 2019 жылдың шілдесінен бастап Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Сайт Әкімшілігі