«Еститін» мемлекет
«Естімеген елде көп» дегендей, «еститін мемлекет» деген тіркесті еститін күнге де жеттік.
Ол қайдан шықты?Экономикадағы «сұраныс туындаған жерде ұсыныс пайда болады» деген теориясияқты… Бұл билік пен қара халық арасындағы алысқа кетіп қалған алшақтықтыңнәтижесі. Мұндай тұжырымдаманың шығуының өзі мемлекетімізге сын. Бұлтұжырымдама шыққанда шынымен қуандық, ондағысы: билік халықтың жанайқайынақұлақ асатын болды деген үкілі үміт. Алайда президент қадап айтқанымен, елмұқтажын әлі де естімей, құлақ аспай жүрген шенділер де жоқ емес. Бір жердетұрып, бір-бірімізді ести алмайтындай жағдайға не жеткізді?
«Үкіметпен арада байланыс жоқ» деп бизнес өкілдері наразы. Олайдеуге себеп – сол саладағы тұралап қалған түйткілдер. Былтырғы есеп бойыншареспубликамызда 1,5 миллионнан астам шағын және орта бизнес субъектілерітіркелген екен. Ал олардың мұқтажын үкіметтік органдар естіп жүр ме? Кәсіптіңтұтқасын ұстаған «Kan Tengri Expeditions» ЖШС атқарушыдиректоры Дәурен Валиев билік пен бизнес арасында байланыс жоқ екенін, бүгін екеуіекі бөлек әрекет етіп жүргенін айтады.
–Мемлекет басшысы мен үкімет қазірэкономика саласындағы инвестициялық шығыны аз, есесіне жұмыс орындарыныңкөбеюіне септігін тигізетін бірден-бір бағыт ретінде туризмді дамытудыалдымызға міндет қылып жүктеп отыр. Оған қоса, жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) 8пайызға дейін өсіруді, яғни аталған салаға ауқымды кіріс әкелуді міндеттеуде. Олайболса, туризмді экономиканың дамуына үлесін қосатын басты салалардың бірі дептаныса, үкімет тарапынан да ілкімді істер жасалуы тиіс емес пе? Ал біз елдегі шағынжәне орта кәсіпорындар бизнесі ретінде көптеген мәселелерді өз күшімізбеншешеміз. Алайда саяси-экономикалық тұрғыда біз шеше алмайтын мәселелер бар. Оныңішінде көрші елдермен арадағы қарым-қатынас, визалық және миграциялық режимдер,Қазақстанның шетелдегі маркетингі т.б.
Мысалы, көрші Қырғыз елімен орталық жәнесолтүстік Тянь-Шаньның шекаралас территориясын бірлесіп пайдалану туралыүкіметтік деңгейде келісімге келе алмай отырмыз. Қырғызстанмен демаркацияжасалуына байланысты 2013 жылдан бастап біздің ресурстарымыз айтарлықтай тарылыпқалды. Мысалы, тау қырқасы Альпіні бірлесіп пайдалану бойынша Еуропалық одақтыңтөрт елі – Франция, Австрия, Италия мен Швейцария келісім жасаған. Ал ағайындыҚырғыз елімен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Шанхай ынтымақтастықұйымына, Еуразиялық экономикалық одақ, Кедендік одаққа бірге мүше бола тұра,осы мәселені шеше алмай келеміз. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметінше, таутуризмі барлық нарықтың 20 пайызға жуығын құрайды. Оған тау шаңғы туризмі ғанаемес, туризмнің альпинизм, трекинг (жаяу жүру туризмінің түрлері), таудавелосипед тебу, ботаника, таудағы жануарлар әлемі т.б. түрлері кіреді.
Осы кезекте журналистер білуі тиіс мәселе– бізде үкіметтік органдар мен бизнестің арасында жүйелі жұмыс жоқ. Бізбенешкім байланыс орнатпайды да, санаспайды да. Шенеуніктер өз бетінше, біз өзбетімізше күн кешіп келеміз. Олар бар болғаны механикалық тәсілмен жасалатынтүрлі үлкен стратегияларды құрады. Қалай дейсіз ғой? Барлық ЖШС (жауапкершілігішектеулі серіктестік) мен жеке кәсіпкерлер жолдаған ұсыныстарды қағазға басыпшығарып, үлкен том етіп жинайды да, соны стратегия деп түсінеді. Шын мәнінде ол– бүтін бір елдің емес, ЖШС-лар стратегиясының бір парасы ғана. Мысалы,Түркияда жылына екі рет үкімет пен туристік бизнестің заңды тұлғаларының кеңесіөткізіледі. Біріншісінде туристік маусым басталарда мемлекет алдында тұрғанмәселелер қозғалса, күзде өтетін екінші кеңесте бірлескен жұмыстың қорытындысышығарылады. Мұндай тәжірибе біздің 30 жылдық тәуелсіздігімізде ешқашан болғанемес. Нәтижесі қазір бәрімізге аян, – дейді Дәурен Валиев.
Айтылған сөздің жаны бар, расымен де, кейбіркәсіпкерлер жанайқайын әлеуметтік желілер арқылы жеткізуге тырысып жатады, мұныүкіметтік органдарға үні жетпегені деп түсінбеске амал жоқ. Қарап отырсақ, әрсалаға жауап беретін министрліктер бар. Үкімет порталындағы мына анықтаманыкелтірейін: «Министрліктер өздеріне басқару тапсырылған салалардың жағдайына жәнеодан әрі дамуына, ғылыми-техникалық ілгерілеуіне, осы саланың барлық өнімдерінедеген мемлекет мұқтаждығының толық қанағаттануына жауап береді. Министрліктертапсырылған салаларға басшылық етеді, оларға берілген құқық шегіндегі барлықмәселелерді шешуге құзырлы, өз қызметтерінде салааралық мәселелерді шешу жәнежобаларды әзірлеу үшін басқа да министрлік және ведомстволармен байланысты жәнеөзара қарым-қатынастарды жүзеге асырады» делінген. Одан қалды, мемлекеттік билік органдары менбизнес қауымдастықтар арасында көпір болуы тиіс «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасыжәне оның агроөнеркәсіп кешені; логистика және тасымалдау; машина жасау жәнеметалл өңдеу; сауда; тамақ өнеркәсібі сияқты салалық 17 комитеті бар.Ендеше, кәсіпкерлердің реніш білдіруіне негіз бар ма?
Өңдеуөнеркәсібі одағының атқарушы директоры Әділбек Бектібаев «шешім қабылдар кезде мемлекетмәселені неге тек ұлттық палатамен ғана талқылауы керек» деп наразылық танытыпотыр. Себебі ұлттық кәсіпкерлер палатасының пікірі, ұстанымы бүкіл бизнестіңпозициясын білдіре алмайды. Кейбір кәсіпкерлердің Конституцияға және заңдарғасәйкес, ескеруді қажет ететін қарама-қайшы пікірлері болуы мүмкін. ҰКП-ның бизнес турасындағы барлық талқылауға салалық қауымдастықтарсызқатысуы жағдайды күрделендіреді. Ол тіпті палатаның бизнес қауымдастықтардыдамытуға бағытталған «күмәнді» заңына да қайшы келеді. Іске келгенде ҰКПкөрпені өзіне қарай тарта береді және пікір қайшылығына қарамастан, көпшілікүшін өзі шешім шығарғысы келеді.
Қазіргі кездетүрлі саланың басында жүрген 174 қауымдастық «Атамекенде» тіркеуден өткен.Мәселен, тиісті заңға сәйкес, ұлттық палата съезінің; ұлттық палата төралқасыныңжәне ұлттық палата төралқа комитеттерінің жұмысына қатысуға құқылы. Сол жердеөтініштері мен ұсыныстарын айтуға мүмкіндік болады. Алайда…
ӘділбекБектібаев «Бизнеске ұлттық палатаның қажеттілігі бар ма? Қандай негізге сүйеніп,біз оған мүшелікке өтуге тиіспіз?» деген сұрақты төтесінен қойды. «Мүше болуміндеттілігі принципі» конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті,адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығынсақтауға қалай ықпал ете алады? Өз басым бұл принцип Конституцияның нормаларынақайшы келеді және бизнестің құқықтарын шектейді деп білемін. Ұлттық палатағамүше болу міндетін алып тастау қажет, сол кезде оның бизнеске қандай пайдасыбар екені белгілі болады. Өз басымда ҰКП-ға, ал оның басқарма төрағасына тіптенсенбеуіме барлық негіз бар», – дейді Әділбек Бектібаев.
P.S. Айта кету керек, жақында төтенше жағдайдың салдарынан биліктен көмек алуы тиіс361 компанияның тізімі желіде жарияланып кетті. Үкіметтен көмек алғысы келетінкәсіпорын, фирма, холдингтер арасында Forbes журналының байлар тізіміне енгенқазақстандықтардың да бизнесі бар болып шыққан. Ұлттық экономика министрлігімен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік комиссияның мақұлдауынаұсынылған компаниялар тізімін өздері жасамағанын айтып, аяқасты бір-бірінесілтеп, басы дауға қалған болатын. Бастысы – ол тізім қабылданбайтын болды.
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТОВА,
«Жас Алаш»