Қоғам

«Етімізді мақтады»: Қазақстан Францияға жылқы етін жеткізуді жоспарлап отыр

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ақорда кулуарында франциялық делегациямен өткен келіссөзден мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

«Кеше француздармен жылқы етін экспорттау жөнінде әңгімелестік. Өйткені Франция –  жылқы етін тұтынатын ел. Қазір бізде 32 жеткізуші Жапонияға жылқы етін апарып жүр. Енді Францияға жеткізілім көлемін арттыру керек. Кеше француз делегациясына жылқы етінен дәм татқыздық. Оларға ұнағандай болды», – деді вице-премьер.

Сондай-ақ министр елдегі жылқы етінің өндірісіне тоқталды.

«Қазіргі кезде біз ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибелік станцияны құруға шешім қабылдап жатырмыз. Ақтөбеде мал шаруашылығы институтының бөлек филиалы болады. Олар жылқы өсірумен ғана айналысады», – деп атап көрсетті Жұманғарин.

 

Жангүл Есениязова