Саясат

«Еуразиялық Одақ елдерінде ортақ азаматтық болу тиіс»

Еуразиялық экономикалық одақтыңазаматтығы болуы тиіс. Бұндай ұсынысты РФ Мемлекеттік думасының ТМД істері бойыншакомитеті басшысының бірінші орынбасары Константин ЗАТУЛИН білдірді.

Jasalash.kz

Бұл туралы «ЖасАЛАШ» сайты Ақпараттық-сараптамалықорталыққа сілтеме жасап хабарлайды.

«Егер біз Еуразиялық экономикалық одаққа дегенкөзқарасымыз салмақты болса азаматтық құруымыз тиіс. Ресей азаматтығынан басқаЕуразиялық экономикалық одақ азаматы деген статус болуы керек. Яғни екіазаматтық болуы қажет. Егер Еуразиялық одақты дамытқымыз келсе ортақ азаматтыққажетуіміз керек. Осы үшін мен Думада күресемін», — деген депутат.

2017 жылдың ақпан айында депутат Затулин Еуразиялық экономикалық одақ халқына ортақ азаматтық берілуі керектігін айтқан еді.Алайда, оның ұсыныс қолдаусыз қалған. ЕЭО-тың өкілдері бұл одақтың экономикалықодақ екенін айтып, саяси мәселенің қозғалмауы керектігін айтқан. Бұл одаққаҚазақстан, Қырғыз Республикасы, Беларусь, Армения және Ресей Федерациясыкіреді. Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстанның экс-президенті НұрсұлтанНАЗАРБАЕВТЫҢ бастамасымен құрылды. 1994 жылы Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ Ресейге жасаған ресми сапарында М.В. ЛОМОНОСОВатындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде осы идеяны тұңғыш рет айтқан еді.2010 жылы ЕЭО құрылды. Сол кезде сарапшылар экономикалық одақтың саяси одаққа айналуыықтимал деген еді. Және Қазақстан азаттығына қауіп төндіреді деген пікірлер деайтылған. Фото: gorlovka.today

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега