Саясат

Еуроодақ Украинаға 4,36 млрд еуро көлемінде қаржы бөлді

Бұл туралы Еуропалық комиссия мәлімдеді.

Фото: Reuters

Қаражаттың 3,7 млрд еуросы биылғы макроқаржылық көмектің екінші траншы ретінде аударылса, қалған 658 млн еуро Украинаның қорғаныс қажеттіліктеріне бағытталған.

Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғалы Еуроодақ пен оған мүше мемлекеттер Киевке жалпы сомасы 235,9 млрд еуро көмек көрсеткен. Оның ішінде Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен кіріс есебінен бөлінген 3,8 млрд еуро да бар.

Ал Ukraine Support Loan бағдарламасы аясында Украинаға берілетін несиенің жалпы көлемі 90 млрд еуроға жетті. Бұл қаражат 2026-2027 жылдары елдің қаржылық қажеттіліктерін өтеуге жұмсалады.

Сайт Әкімшілігі