Саясат

Еуропаның соңғы диктаторының шешімі бізге әсер етіп жүрмесін

Лукашенко сайлауға тағы түседі, Назарбаев Махатхирдімысал етті. 17 қараша күні Беларусь Республикасының басшысы АлександрЛУКАШЕНКО 2020 жылы өтетін президент сайлауына түсетінін мәлімдеді.

Jasalash.kz

«Президент сайлауы қарсаңында Конституцияныөзгерту ақымақтық. Халық қаламаса билікке жабысып қалмаймын» деген Лукашенко:«креслоны қолым қалтырағанша ұстамаймын» депті.

Лукашенко –1994 жылдан Беларусь президенті. Осыған дейін бес рет президент боп сайланған.2004 жылы референдумда Беларусь халқы Лукашенконың президент сайлауына шексізқатысқанын қалаймыз деп дауыс беріпті. Бірақ ол дауыстардың қалай берілгенібелгілі. Ондай жағдайды әсіресе, ТМД халқы жақсы «түсінеді».

АлҚазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Astana Club» жиынында биліктранзиті жөнінде әңгіме қозғап, әлем тарихынан мысалдар келтіре сөйлеген.

«Билік транзиті қазір маған ең көп қойылатынсұрақтардың бірі. Менің мандатым 2020 жылы аяқталатын. Мен президент лауазымынтастап кету шешімін өзімнің ең танымал кезімде қабылдадым. 2015 жылғы сайлаудамен 96 пайыз дауыс жинадым. Кетуімді халық өкінішпен қабылдағанын білемін»деген еді Назарбаев.

Оған қоса: «Білесіздер ме? Бұл анау айтқандай ерекшежағдай емес қой. Бірде Франция президенті лауазымын генерал Шарль Де ГОЛЛЬ тастады, кетті. Сингапурда Ли Куан Юкетті. Малайзияда Махатхир мырза кетті. Бірақ ол кейін 92 жасында қайтыпоралды. Олай да болады», — деді экс-президент.

Н.Назарбаевтың бұл пікірін қоғам әртүрлі қабылдап, сан-саққа жүгірткен. Әсіресе,сайлауға қайта түсе ме деген «қауіптің» де бар екен рас. Ал әріптесі, нешежылан бері екі елді қатар ұзақ жылдар басқарып келген Александр Лукашенконыңшешімі біздің экс-президентке әсер етіп жүрмей ме? Әлемдік билік тарихын қозғайсөйлейтін Назарбаевқа тағы бір мысал қосылатын болды. Мысалдың бұлайша көбеюі,адамға түрлі ой салады ғой...

Фото: gs.by

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега