Саясат

Евгений Кочетов Президент әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды

Евгений Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Фото Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Евгений Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Евгений Кочетов туралы не белгілі?

Евгений Кочетов 1988 жылы Астанада дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

2009-2013 жылдары "Жас Отан" жастар қанатында және "Нұр Отан" партиясының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы және консультант қызметтерін атқарған.

2013-2014 жылдары "Цесна" корпорациясы акционерлік қоғамының девелопмент бөлімшесін басқарған. Әр жылдары жеке коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген.

2016 жылы "Қазконтент" акционерлік қоғамына қарасты Kaztube.kz бейнепорталы жобасының жетекшісі болып тағайындалған.

2016-2017 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болған.

2017-2018 жылдары "Қазконтент" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған.

2018–2019 жылдары "Нұр Отан" партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

2019-2020 жылдары "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының кеңесшісі болған.

2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылға дейін "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қорының бас директоры қызметін атқарған.

2023 жылдың ақпанынан тамызына дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болған.

Ал 2023 жылдың қарашасынан бастап осы тағайындауға дейін Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.

Сайт Әкімшілігі