Әлеумет

«Евровидение-2026» байқауының жеңімпазы анықталды

Австрия астанасы Венада өткен «Евровидение-2026» халықаралық ән байқауында Болгария тарихтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Фото: AFP via Getty Images

Dara орындаған Bangaranga композициясы 516 ұпай жинап, байқаудың жеңімпазы атанды. Әнші қазылар алқасынан 204 балл, ал көрермендер дауыс беруінен 312 балл иеленген.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, соңғы он жылға жуық уақыт ішінде алғаш рет қазылар алқасы мен көрермендер бір орындаушыны бірдей жеңімпаз ретінде таңдаған.

Екінші орынды Ноам Беттан иеленді. Оның Michelle әні 343 ұпай жинаған. Ал үшінші орын румыниялық әнші Александра Кэпитэнеску орындаған Choke Me композициясына бұйырды. Ән 296 балл алған.

Үздік бестікке Австралия мен Италия да енді. Ал Ұлыбритания небәрі бір ұпай жинап, соңғы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Болгария бірнеше жылдық үзілістен кейін байқауға қайта оралған еді. Ел 2023–2025 жылдар аралығында «Евровидениеге» қатыспаған.

Сонымен қатар бұған дейін Израильдің қатысуына байланысты бес ел байқаудан бас тартқаны хабарланған болатын.

Сайт Әкімшілігі