Қоғам

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот ісінде күйеуі жәбірленуші болып қала береді

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот ісінде күйеуі Әділет Зейнел өзін жәбірленуші мәртебесінен айыруды сұрады.

Фото: ашық дереккөз

Бірақ сот бұл өтінішті қабылдамады. Сондықтан марқұмның күйеуі іс бойынша жәбірленуші мәртебесінде қала береді.

Іс бойынша айыпталушы – Сәуле Жұбаниязова. Оған Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша, өз міндеттеріне салғырт қарады деген айып тағылып отыр.

Сот отырысы 20-шы тамызда жалғасады.

Сайт Әкімшілігі