Әлеумет

Фельдшерге шабуыл жасаған ер адам 1,5 жылға сотталды

Қазақстанда медицина қызметкеріне қол көтерген азамат 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы бойынша қаралған.

Фото: Jas Alash

Оқиға наурыз айында болған. Ер адам танысымен бірге ішімдік ішкеннен кейін өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер қажетті тексерісті жүргізіп, кетпек болған сәтте, ол фельдшерге кенеттен шабуыл жасаған.

Сот шешімі бойынша айыпталушы жазасын өтейтін болды.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев медицина және жедел жәрдем қызметкерлеріне қарсы шабуыл үшін жауапкершілікті күшейтетін заңға қол қойған еді. Соған сәйкес, Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізіліп, мұндай қылмыс үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: дәрігер