Әлеумет

ForteBank басшылары тоғыз айда 6,27 млрд теңге сыйақы алған

ForteBank басшылары тоғыз айда 6,27 млрд теңге сыйақы алған

Фото: tengrinews.kz

Өтемұратовтың ForteBank-і топ-менеджерлерге төленетін сыйақыны екі есе арттырды. 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында ForteBank тобы директорлар кеңесі мен басқарма мүшелеріне сыйақы төлеуге 6,27 млрд теңге жұмсаған. Бұл 2025 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе көп.

Банк шығынның өсуін басшылық құрамының кеңеюімен түсіндірді. Home Credit Bank пен IT-компания HomeITTech қосылғаннан кейін топ-менеджерлер саны 13-тен 22 адамға дейін артқан. Осыған байланысты ForteBank өкілдері 2026 және 2025 жылдардың тоғыз айындағы көрсеткіштерді тікелей салыстыру дұрыс емес екенін айтады.

Айта кетейік, ForteBank-тің негізгі акционері – кәсіпкер Болат Өтемұратов.

Сайт Әкімшілігі