Саясат

Францияда оқушы қыздарға мұсылман көйлегін киюге тыйым салынды

Франция мектептерінде мұсылман әйелдерінің бүкіл денені жауып тұратын дәстүрлі абайя көйлегін киюге тыйым салынады.

Jasalash.kz

Бұл туралы Францияның білім министрі Габриэль Атталь мәлімдеді.

Bugin.kz хабарлағандай, Атталь келесі аптада мектеп басшыларымен бірге бұл тыйымды қалай жүзеге асыру керегін талқылайды.

Жаңа ереже 4 қыркүйекте жаңа оқу жылының басынан бастап күшіне енеді деп күтіліп отыр.

— Министрдің бастамасын Республикалық партияның жетекшісі Эрик Чиотти қолдады. SNPDEN Директорлар одағының бас хатшысы Бруно Бобкевич те енді мектеп директорларына нақты нұсқау берілетінін құптады. Кәсіподақ әлеуметтік желілерде бұл шешімді «айқын және батыл» деп атады. Ал «Жеңілмеген Франция солшыл партиясы» (LFI), керісінше бұл тыйымды «конституцияға қайшы» деп атады. Францияда «абайяны діни киім деп санауға бола ма?» деген пікірталас бірнеше айға созылды, - деп жазды AFP.

Француз мұсылман сенімі кеңесі (CFCM) көйлек ресми түрде олай саналмайды деп сендірді.

France24 атап өткендей, Франция мектептерінде тыйым салынған дәстүрлі ислам киімінің орнына абайя кию жиілеп кеткен. Францияда мектептегі зайырлылық және көрнекті діни рәміздер туралы заң 2004 жылы қабылданған. Ол кез келген діни рәміздер тағуға немесе діни киім киюге тыйым салады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега