Саясат

Франция мен Германия басшылары Украинаға қолдау білдіретіндерін мәлімдеді

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия басшысы Франк-Вальтер Штайнмайер Парижде өткен кездесуде Украинаға «мықты қолдау» білдіретіндерін айтты.

Фото: Anadoly агенттігі

Келіссөздер Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты күні өтті. 

Мемлекет басшылары халықаралық мәселелер мен екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйін сөз еткені айтылуда. 

Сондай-ақ АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға қатысты пікір алмасу болған.

Франция мен Германия басшылары Таяу Шығыстағы оқиғаларға терең алаңдаушылық білдірді.

Nazym Sapar