Францияда енді полицейлер наразылыққа шықты
26 қарашадан бастап Францияның бірнеше қаласында полиция қызметкерлері наразылық акцияларын өткізіп жатыр.
Олар еңбекақы мен қосымша төлемдерді арттыруды, еңбек жағдайын жақсартуды және кадр тапшылығын шешуді талап етуде. Шеруге мыңдаған тәртіп сақшысы қатысқан.
Елдегі жаппай наразылықтар қыркүйектен бері жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде бірнеше рет тәртіпсіздікке ұласып, қатысушылар қоқыс жәшіктерін өртеп, ғимараттарды қиратқан және полициямен қақтығысқан. Құқық қорғау органдары шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен жарық-шу гранаталарын қолданған.
Алайда 15 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алғаннан кейін билік наразылық акцияларын тарату кезінде мұндай гранаталарды қолдануға уақытша шектеу енгізді.
26 қараша, бейсенбі күні Париждегі Пантеон алаңында наразылық білдірушілер Рождество шыршасын өртеген. Оқиға түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.