Қоғам

Ғалымдар дабыл қақты: жасанды интеллект пен ядролық соғыс адамзаттың жойылуына әкелуі мүмкін

The Lancet медициналық журналында адамзатқа қауіп төндіретін өзара байланысты 17 қатер туралы баяндама жарияланды.

Фото JasAlash

Сарапшылардың бағалауынша, олардың екеуі – жасанды интеллект көмегімен жаппай қырып-жоятын қару жасау және ядролық соғыс адамзаттың толық жойылуына себеп болуы мүмкін.

Ал қалған 15 қауіптің әрқайсысы кемінде бір миллиард адамның өліміне әкелуі ықтимал. Олардың қатарында климаттың өзгеруі, ауаның ластануы, бактериялардың антибиотиктерге төзімділігінің артуы, пандемиялар, соғыстар, ашаршылық, темекі шегу, семіздік және психикалық денсаулық мәселелері бар.

Сарапшылар бұл қауіптердің бір-бірімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Сондықтан олардың алдын алу үшін жекелеген мәселелермен ғана күреспей, кешенді шаралар қабылдау қажет.

Баяндама авторларының пікірінше, адамзат ең ауыр сценарийлердің алдын алуға әлі де қауқарлы. Алайда ол үшін қазірден бастап нақты әрекет ету керек.

Сайт Әкімшілігі