Сараптама

Ғалымдар ұсыныс айтты, президент не дейді?

Қазақ әліпбиінлатын қарпіне көшіру туралы шешім шығып, оның тіл білімі мамандары арасындағана емес, жалпы қоғамда талқыланып келе жатқанына да біраз уақыт болыпты.

Jasalash.kz

Бұлтарапта түрлі нұсқалар ұсынылып, ондағы кейбір олқылықтар ел ішінде талқыланып,тіпті кей жағдайда күлкіге де айналған жағдайлар болған (Saebiz-ді ескетүсіріңіз). Дегенмен соңғы бір нұсқа қабылданғандай болып, әр жерде ауыл, қала,мекеме атаулары латын қарпімен жазыла бастаған-ды. Бірақ бұрынғы президентНұрсұлтан Назарбаевтың кезінде қабылданған бұл нұсқа қолданысқа енді деугеболмайды. Осыған орай, президент Қасым-Жомарт Тоқаев «қарпімізде әлі деолқылықтар бар» деп мәлімдеме жасап, тіл мамандарының жаңа әліпбиді жетілдіруікеректігін айтты. Содан бері тыншып қалған латын қарпіне көшу ісі қайтаданталқыға түсе бастады.

Осындай шақта тілмен жазуға байланысты басты жауапты мекеме – Ахмет Байтұрсынов атындағы Тілбілімі институтының ұйымдастыруымен Алматыда тіл саласы мамандары менғалымдардың басын қосқан ғылыми талқы өтті. Дөңгелек үстел форматында өткенжиынға латын графикасына көшу туралы мәселе басталғалы өзіндік жобаларынұсынып, түрлі пікірлер білдіріп жүрген ғалымдар мен түрлі ұйым өкілдеріқатысты.

«Қазақ тілінің жаңаәліпбиі: Тіл мамандарының ортақ тұжырымы» атты ғылыми-практикалық дөңгелекүстелдің мақсаты тақырыбынан-ақ түсінікті. Дөңгелек үстел басындағылардың бәрідерлік осы нұсқаның жөнге келетінін айтып жатыр. Отырысты А.Байтұрсыноватындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек ашып, Халықаралық«Қазақ тілі» қоғамының президенті, ҚР ҰҒА академигі, профессор Өмірзақ Айтбаевқасөз берді. Ол латын әліпбиіне көшудің кеше-бүгін ғана емес, тәуелсіздік алғанжылдары-ақ басталып кеткенін айтты.

– Илеуі жетті, иіқанды, неше түрлі талқылаудан өтті, бірақ қанша дегенмен әлі де піспей жатқантұстары бар. Әрине, оңай шаруа емес. Өйткені жазудың ауысуы – сананың ауысуыдеген сөз. Мұны о баста бісміллә деп Әбдуәли Қайдар бастаған еді, сонау 93-жылы.Сондықтан да ол кісінің еңбегін еске алмай өте алмаймыз. Сол кездің өзіндеӘбекең «президентке хат жазып отырмын, сендер қалай қарайсыңдар?» деп, «Қазақтілі» қоғамында талқылау ұйымдастырған болатын. Президент «мамандар қарасын,ұсыныстарын әзірлесін» деп бірден көңіл аударған. Содан бері қарай АхметБайтұрсынов атындағы институт көптеген зерттеулер жасап, жұмыстар атқарды.Әлденеше жоба ұсынылды. Солардың ішінен іріктеліп, сұрыпталып бір-екеуі ғанаалынып еді. Бірақ, өкінішке қарай, институттың емес, басқалар ұсынған жобалартаңдалып кетті. Міне, енді тағы да оралып отырған жағдайымыз бар. Осыжиынымыздың нәтижесі болсын, – деді Өмірзақ Айтбаев.

Бұдан кейін сөзалған Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басдиректоры Әлібек Асқар 90-жылдардағы тілге деген жанашырлықтың басылып қалғанынайтты.

– Біз өткенде үлкентіл форумын өткіздік. Қаттырақ кеттік, ашық айттық, көкіректегі қыжылдың бәріншығарғымыз келді. Көп нәрсе ашық айтылды. Тіпті ресми адамдар да айтты. Менісол жерден қуып жіберсе де, жер аударып жіберсе де деп, сондай ашық талқыұйымдастырдым. Көкіректерде қыжыл көп екен. Соның бірі – осы латынға ауысу.Қазіргі аздаған қиындықтар болса, оның барлығы еңсерілетін дүние. Сол форумдаболған Бердібек Сапарбаев «2025 жылға дейін дегенді қоя тұрып, ары қарай дажалғастыруға болады» дегенді айтты. Бірақ бәрін жан-жақты қарап, қазаққабылдайтындай етіп жасау керек. Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан қазақтілін ұлтаралық қатынас тілі деңгейіне көтеру мәселесі бізді қанаттандырыпжіберді. Бұған дейін басқалар ренжіп қалмай ма деп жалтақтап жүрсек, енді оныңбәрінен өттік. Қалғаны графиканы өзгертудің шаруасы. Оны енді осы Байтұрсыновинститутының ғалымдары бастаған мамандар жасауы керек. Өйткені дәл осы салабойынша маман табу өте қиын. Сол себепті институт жасаған жобаны қалған ұйымдарнасихаттау тұрғысында жұмыс істеуі керек. Олай дейтініміз, біздің жұмыстарымызкөп жағдайда көрінбей қалып жатады.

Әлібек Асқардыңайтып отырғаны – осы салада атқарылып отырған шаруаларды насихаттау арқылыжалпы жұртшылықтың көңілін тіл мәселесіне бұру. Рас, әлеуметтік мәселеге басамән берген дұрыс шығар, бірақ қанша жерден «алдымен – экономика, саясат – соданкейін» дегенмен, ұлттық идеология, тіл саясаты мәселесін көлеңкеде қалдыруғаболмайды. Латын қарпіне ауысу – соның басты бағыттарының бірі.

Жалпы, бұл жиынғақатысушылардың дені осы жолы ұсынып отырған нұсқаның ұзақ уақыт бойғы еңбектіңжемісі екенін айтады. Тәуелсіздік алған жылдары басталған істің түпкі нәтижесіекенін де ескертіп жатты. Олай болатыны – осы жолы президентке жолданғалыотырған «бір дыбыс – бір таңба» ұстанымы бойынша дайындалған 32 әріптен тұратынжаңа нұсқа бір ұйымның немесе бір адамның еңбегі емес, түрлі ұжымдардың ұзақуақыт бойғы таласы мен талқылауынан туған жоба. Сол себепті аталмыш жиындыұйымдастыруды да бір емес, бірнеше ұжым бірлесе қолға алыпты. Соның бірі – Абайатындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті.

– Қазір латынграфикасына көшудің жаңа деңгейіне көшіп отырмыз. Өткенде президентҚасым-Жомарт Кемелұлының алдымен тіл мамандарының пікірін тыңдайық деп айтыпотырғаны соның бір дәлелі. Осы істің басы-қасында отырған Тіл білімі институтыбізге осындай ұсыныс айтқан соң, біз де қосылып, дөңгелек үстелді ғалымдарменбірге жасайық деген келісімге келдік. Дегенмен заңгер екеу болса, шешім үшеуболады, басты ұйымдастырушы осы институт екенін естен шығаруға болмайды. Оныңүстіне соңғы кезде әртүрлі ұйымдар, әртүрлі мамандар өз ұсыныстарын айтып,түрлі нұсқалар ұсынуда. Соның барлығын ескеріп, басын біріктіріп, пікірді біржерден шығаратын уақыт келді. Бүгінгі отырыста барлығымыз бір шешімге келсек,ар жағында атқарылуға тиіс біраз шаруа өз-өзінен шешіледі деп ойлаймын, – дедіуниверситет ректоры Тахир Балықбаев.

Балықбаевтыңайтуына қарағанда, латын графикасына көшу жұмысы басталған соң, Абай атындағыуниверситетте латын графикасы орталығы ашылған. Төрайымы – Фаузия Оразбаева. Орталықбасшысының айтуынша, бұл ретте көптеген талас-тартыстар болған. Әртүрлімамандардың пікірінің болуы заңды және пайдалы да. Өйткені соған қарап отырып сараптайкеле, жақсы сапаға жетуге мүмкіндік болады. Жаңа әліпбиді бұрынғы кириллицабойынша қалыптай салуға болмайды. Ендігіде бұрын кеткен қателіктерді түзейотырып жасау маңызды. Айталық, осыған дейін бір сөзді әркім әртүрлі жазыпкелді. Бұдан былай ондай болмауы керек.

– Бірақ мұнда бірескеретін нәрсе – осы әліпбидің мамандары, фонетика мен фонология мамандарыныңпікірі басымдық алуы тиіс. Оны осы уақытқа дейінгі талас-тартыстар дәлелдеді.Латын әліпбиін қабылдауда екі фактор басты рөл атқарады. Біріншісі – ұлттықжазу. Ұлттық тәуелсіз жазу. Екінші фактор – әлемдік өркениеттегі озық үлгілердіде ескеру керек. Осы тұрғыдан келгенде, бүгінгі ұсынылып отырған 32 таңбаәлемдік қолданыстағы -ф, -ч сияқты дыбыстарды да қамтып отырғанымен ұтымды ғойдеп ойлаймын. Ахмет Байтұрсынов қойған талап бойынша, әліпби оқуға жеңіл,қабылдауға оңай, жазуға сауатты болу керек. Бүгінгі ұсынылып отырған әліпбиқаншама талқылаудан өтті. Сол кезде оның осы талаптарға сай екеніне көзімізжетті, – деді Оразбаева.

Ғалымдар «бұл нұсқадақазақ тіліндегі үндестік заңдылығы да ескерілген» дейді. Одан бөлек, оқуғажеңілдігі жөнінен де бірқатар эксперименттер жүргізіп көріпті. Сонда көптегенстуденттер мен оқушылар екі таңбаның қосылып бір дыбыс беруінде көбірекқиналғанға ұқсайды. Осының бәрін ескере келе, әр дыбысқа бір таңба берупринципіне тоқтапты.

Тіл біліміменайналысып жүрген ғалымдардың бәрі жабылып ұсынып отырған жаңа нұсқада бірқатарескертпелер де бар. Мамандар бұларды да артықшылық деп санайды. Айталық,қазақша Ұдыбысы Uәрпімен таңбаланады. Бірақ ұсынылыпотырған ережеге сәйкес, бұл таңба (U) кірме сөздерде дауысты У әрпін білдіреді.Мәселен, universitet, prokuratura сияқтысөздер әлемдік нормада қалай жазылса, қазақ тілінде де солай жазылмақ. Мұныменқоса, ідыбысы да солай. Қазақша ідеп оқылғанымен, кірме сөздерде иболып оқылады. Сонымен қатар бұрыналынып тасталған Wтаңбасы қайтақосылып, қазақ тіліндегі дауыссыз У дыбысын белгілейтін болады.

– Бұл – негізінен,Әбдуәли Қайдардан қалған жоба. Біз ештеңе ойлап тауып жатқан жоқпыз. Біздіңұсынып отырғанымыз – сол Әбекеңнің жасап кеткен нұсқасының жетілдірілген түрі. Бүгінгікүннің талаптарына икемдеп келе жатырмыз. Егер біз әліпби жасауда бір нәрсеніұстансақ, бүгінгідей ары тарт, бері тарт әңгіме болмайтын еді. Ол не нәрсе?Дыбыстың өзінің артификациялық табиғатын тауып алуымыз керек. Бүкіл халықаралықфонетикалық әліпбидің басты ұстанымы осыған сүйенеді. Содан кейін біз еңалдымен қазақ тіліндегі төл дыбыстарымыздың басын ашып, соған таңба дайындапалуымыз керек. Содан кейін кірме дыбыстар өздігінен шешіледі. Ал кірме сөздердіқалай жазамыз деген мәселеге келсек, ол да қиын емес. Олардың өзініңхалықаралық үлгісі бар. Араб та, қытай да соны пайдаланып отыр. Біз дежаһанданып келе жатырмыз, басты қатырмай, сол халықаралық үлгіні алуымыз керек,– деді филология ғылымының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек.

Жиында түркіәлеміне ортақ әліпби мәселесі де сөз болды. Ғалымдар бұл туралы кезінде ӘбдуәлиҚайдар айтып, бас-аяғы 34 таңба белгілеп кеткенін айтады. Яғни түркі мемлекеттерініңтілдік ерекшеліктері мен ортақ дыбыстарын саралай отырып жасалған. Ешкімгеаспаннан әліпби жасап керегі жоқ, өзіне керегін ала береді. Сол сияқты қазірлатын графикасына көшіп үлгерген елдердің әліпбиін де негізге алған дұрыс дегенпікірлер айтылды. Мәселен, Ерден Қажыбек қазақтың Әдыбысына тоқталып, оны о баста қазіргі кириллше нұсқадағы таңбаарқылы қалдыруды жөн деген пікірлер болғанымен, түркі мемлекеттерінің тілдік ұқсастықтарынескере отырып, Ä äтаңбасын алудыжөн көріпті. 

«Түркі халықтарыәліпбиінің ортақ болмаса да, бір-біріне ұқсас болуы бір аймақта жатқан елдергепайдалы» деген пікір айтқан Таяу Шығыс пен Орта Азия тарихын зерттеуші,профессор Юлай Шамилоғлы төл дыбыстарға жеке-жеке таңба беруден қорқудың қажетіжоқ деп санайды. Ал Халықаралық түркі академиясының қырғызстандық өкіліҚадырәлі Қоңқабаев латын графикасына көшу туралы мәселе Қырғызстанда дақозғалып жатқанын, егер Қазақстан өз нұсқасын жасап шықса, бауырлас елдің десол нұсқаны негізге алуы мүмкін екенін айтты.

Осы және жанамамәселелерді қозғаған отырыста сөйлеушілердің басым бөлігі «осы нұсқа тәуірекен, осы нұсқаны қолдайық» деген ұсыныс айтты. Жиынның қорытындысы ретіндеарнайы қарар қабылданды. Қарардың ұсынып отырған мәселесі біреу-ақ: «Бірауыздантөмендегі қазақ тілінің латыннегізді әліпбиі қабылдансын». Бұл – ғалымдардыңпікірі. Енді бірнеше ғалым қол қойған бұл құжат президентке жолданады. Тағы біржақтардан мұндай нұсқалардың жолданатыны анық. Ал соңғы шешім әлі айтылған жоқ.Бәлкім, бұл жолы президент латын әліпбиінің нұсқаларын қоғамдық ашық талқығасалатын шығар. Өйткені жоғарыдағы мәлімдемесінде Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттықкомиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстардыескеруі қажет», – деген еді. Иә, бұл кезең-кезеңімен іске асырылатын шаруаекені де айтылған. Демек, бұл нұсқаның артық-кемін алдағы уақытта өзге демамандар мен қоғамның пікірі, сосын, әрине, президенттіңкөзқарасы арқылы біле жатармыз.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега