Қоғам

Ғалымдар зерттеу арқылы қазіргі жастар жалқау екенін анықтады

Жаһандағы карантиннен кейін жұмысқа орналасқан жас мамандар онлайн жұмысты құп көреді.

Jasalash.kz

Кейбір компания басшылары аталмыш жағдай жас қызметкерлерді жалқау етті деп есептейді. Бұл туралы McToday хабарлады.

The Wall Street Journal журналындағы мақалада, тәжірибенің болмауы Z ұрпақтарын жұмыстағы негізгі тапсырмаларды орындауға келгенде жалқау немесе білімсіз қалдыруы мүмкін.

«Олар өнімді жұмыс істегісі келмейді», — дейді компания басшыларының бірі.

Кейбіреулер жастардың қарым-қатынас дағдылары, атап айтқанда, электрондық поштаны қалай жазу керек, кеңселік қарым-қатынасты қалай бастау керек және жұмысқа не кию керегі туралы білімдері жоқ деп санайды.

Зерттеуге сәйкес, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Польша және Жапониядағы жас ұрпақтар өздерінің егде әріптестеріне қарағанда компанияның онлайн конференцияларында елеусіз қалған, жұмысқа етене араласа алмаған.

Жетекшілерінің пікірлеріне қарамастан, жас буын жұмысшылардың жартысына жуығы жұмысқа өз бетімен кірісе алмау жалқаулық емес, керісінше күйзеліс пен қобалжу екенін айтады. 2023 жылғы Deloitte Gen Z және Millennial Survey жасаған сауалнама көптеген жас маманның шаршағанын немесе жұмыссыз қалғанын сезінетінін көрсетті.

Сондай-ақ ұрпақтарды салыстыруға арналған танымал тақырып — егер жұмыс оларға сәйкес келмесе, жас мамандар тез жұмыстан кетуі мүмкін.

Т. Раушанұлы
Тегтер: Без Тега