Әлеумет

Газдандыру жобасы арқылы халықты тонап жатыр

Жамбыл облысы, Шу ауданында 2012 жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Бұхара-Ташкент-Бішкек-Алматы» халықаралық магистралды газ құбырына жалғанған «Қордай-Шу» жоғарғы қысымды газ құбырының іске қосылуында Ұлттық телекөпір арқылы президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ өзі сәттілік тілеп, тұсауын кескен еді.

Jasalash.kz
Бірақ халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын жақсарту жолындағы қолға алынған істі қолдаудың орнына күдікті жолмен халықтың келісімінсіз келген «Париев» ЖШС-і Шу ауданы орталығын газдандыруда елімізде жоқ аспандаған баға белгілеп, жұртшылықтың наразылығын тудырып отыр.2015 жылы 14 мамырда Шу ауданы, Төле би ауылдық округтің әкімі Е.Даберовпен «Париев» ЖШС директорының орынбасары Н.Дүйсенбеков ымыраласып, жер үстімен болат құбырлармен жүргіземіз деп, әр үйге кіргізу үшін 380000 теңгеге хаттама жасасады. Одан соң облыстық «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ- нан техникалық-шарт алады. 2017 жылғы 14 маусымда Шу ауданындағы сот отырысында 380000 теңгелік хаттаманы әкімнің орынбасары Т.Ахмедов «черновой вариант» деп, сотты да, бізді де алдады. Мұнан кейін «жердің астымен газдандырудың  құрылыс-монтаж жұмыстары қымбатқа түседі» деп, 2015 жылы 14-ші мамырда екінші хаттама жасап бағаны 420000 теңгеге көтеріп жіберді. Бұған да қанағаттанбай 2016 жылдың қаңтарынан бастап бағаны 570000 теңгеге шарықтатты. Полиэтилен құбырлар  болат құбырлардан екі-үш есе арзан және екі есе аз жұмсалады. Ауылдағы 4200 үйді – артық қойылған 40000 теңгеге көбейтер болсаңыз 168 миллион теңге шығады.Осынау елімізде жоқ аспандаған баға 570000 теңгеден қосымша құн салығын алып тастағаннан кейінгі 508000 теңгені арзандату үшін 2016 жылдың 2 маусымында сол кездегі облыс әкімі К.Көкірекбаевқа жолдаған өтінішімізден қайыр болмаған соң, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М. Құл-Мұхамедке жазған арызымыздан кейін Шу қаласы мен Төле би ауылы аралық 8.7 шақырымдық магистралды газ құбырын мемлекетке сатып алуға 251 145 000 теңге бөлінгеніне қарамастан мемменсіген мердігер 508000 теңгені 2017 жылдың 31 наурызы мен 1 мамыр аралығына — 1 айға ғана 60000 теңгеге арзандатып, 448000 теңгеден қайтадан 475000 теңгеге қымбаттатып жіберді. Үстіміздегі жылы 28 тамызда оларды «қолдаушылардың» ұйымдастырған жасырын жиналысынан кейін «Париев» ЖШС-і «95000 теңгеге арзандатқан!» деген  хат келді. Шындығында газдың әр үйге кіретін бағасы тек 27000 теңгеге ғана арзандатылды.   11 шақырым қашықтықтағы Белбасар ауылы мен Бірлікүстем ауылы арасындағы магистралды құбырға 33 миллион теңге ғана жұмсалса, 8,7 шақырымдық жұмыстарға одан 8 есеге жуық артық қаржы қарастырылғаны қалай? Бұл жайында аудандық прокуратура мен тағы басқа құзырлы орындарға хат жазғанымызбен немқұрайлылықпен тексерілмеді.Жамбыл облысының әкімі Асқар МЫРЗАХМЕТОВТЫҢ қолдауымен биылғы жылдың көктемінде қолжетімді бағамен басқа мердігер компаниясын қабылдамақшы болғанымызда Е. Даберовке арқа сүйеген «Париев» ЖШС-і қасақана ешкім тапсырыс бермесе де, ауылдың түкпір-түкпіріндегі көшелерді түгел қазып тастап кедергі келтірді. Өйткені, газдандыруға кірмекші болған «Еркебұлан и К» ЖШС-і көшелер бойындағы жер асты құрылыс-монтаж жұмыстары үшін әр үйге 245000 теңгеден белгілеп, үйге кіргізу құны 120000 теңгеден, барлығы 365000 теңгеге жалпы ауыл бойынша сметалық-қаржылық-жобамен 1 миллиард 029 миллион теңгені қажет етсе,  «Париев» ЖШС –і көше бойындағы жұмыстарына 355000 теңгеден тағайындап, үйге кіргізу құны 120000 теңгемен 475000 теңгеге қымбаттатып, әр үйге  475000 (келісім-шарт қулығымен) қосымша төленетін 40000 теңгемен қоса 515000 теңге талап етуде. Жалпы ауыл бойынша, басында белгілегені  1 млрд. 638 миллион теңге еді, мемлекеттен 251 миллион теңге бөлінгенде дұрыс арзандатпай, 1 миллиард 491 миллион теңгеге көтеріп, 462 миллион теңгені артық қойған. Сөйтіп, әр үй басына 110000 теңгеден арттырып, келісім-шарт қулығымен сыртқары шығарылған 40000 теңгені қосқанда 150000 теңгеден халықтың қалтасын қағып отыр. Пеш, т.б. қосымша шығындармен шығын 800000- 900000 теңгеге дейін шарықтауда. Төле би ауылы тұрғындарын газдандыруға облыстағы энергетика басшыларымен келіспей, сол кездегі аудан әкімі Б.Нұркенов пен орынбасары болған Е. Өмірәлиев жұртпен ақылдаспай«Париев» ЖШС -інкіргізеді. Халықтың әлеуметтік жағдайымен санаспай, аспандаған баға қойып, ойларына келгенін істеулеріне жағдай жасасқандар:қазіргі аудандық мәслихат хатшысы Е.Өмірәлиев пен округ әкімі Е.Даберов т.бАл, қолжетімді бағаға 1100 ден аса тұрғындар қолдарын қойып  өзге мердігерді қабылдаймыз, дегенде Е.Өмірәлиев, Е.Досымбаев пен Қ.Байжұманов(қоғамдық  және ардагерлер кеңесінің төрағалары)Менменсіген мердігер болса, кәсіпкерлерге Үкімет тарапынан көрсетілетін қолдауды жеке бас пайдаларына пайдаланып, ойларына келгенін істеп бағуда.Үстіміздегі жылы 11 ақпанда «Париев» ЖШС-нің технологиялық  талаптарды сақтамай, қалай болса-солай құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуі  кесірінен «Жандос» дүкенінің алдында орын алған жарылыстан газға қосылған 400 дей үй 3 күн жылусыз қалғанда, «қамқоршылар» үн қатпады, керісінше ауыл халқына жаны ашиды деген әкім Е. Даберов жан-жақты тексертудің орнына біздің жазған хатымызды «Париев» ЖШС нің Меркідегі директоры К.Елемесовке жіберіп, оқыс оқиғаны жылы жауып қоюларына жағдай тудырды. Есесіне, 1 миллион текше метрдей газ далаға кеткендіктен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы  Тараз қаласындағы ауданаралық экономикалық сотта«Париев» ЖШС- іне 30 миллион теңгедей қаржыны  төлетуге даулы іс қозғауда.Осы жайттарға байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментіне  хат жазғаныммен нақты жауап ала алмадым.Қазақ хандығының туы көтеріліп, қазығы қағылған киелі Шу өңіріндегі орын алып жатқан келеңсіздіктерді тудырған мырзалардың мемлекеттің қаржысын жымқырғаны аздай, онсыз да қаржы дағдарысындағы қарапайым жұртшылықтың қалтасын жұқартып отырғандарын әшкерелеуге жоғарғы органдардан арнайы топ құрылып, жан-жақты тексеру жүргізілуін сұраймын.Мәкен Уақтегі, Шу ауданының Құрметті азаматы. Фото: 24.kz
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега