Қоғам

"Газпромнефть-Қазақстанның" бұрынғы басшысы Қырғызстан президенттігіне түспек

"Газпромнефть-Қазақстан" компаниясының бұрынғы бас директоры Аймен Қасенов Қырғызстан президенттігіне үміткер болуға ниетті екенін мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

Кеше ол Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидатурасын тіркеу туралы өтініш берген.

Аймен Қасеновтің бизнес саласында шамамен 25 жылдық тәжірибесі бар. Ол 2007-2015 жылдары "Газпромнефть-Қазақстан" компаниясын басқарған. 2015-2016 жылдары Бішкек мэрінің кеңесшісі болып жұмыс істесе, 2016-2018 жылдары Ресей-Қырғызстан даму қорының басқарма құрамына кірген.

Бұл – Қасеновтің президенттік сайлауға қатысуға алғашқы талпынысы емес. Ол 2020-2021 жылдары да Қырғызстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған.

Қырғызстанда кезекті президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген. Кандидаттарды ұсыну кезеңі 2026 жылғы 13 қарашаға дейін жалғасады.

Бұған дейін қазіргі президент Садыр Жапаров та сайлауға қатысу ниетін білдірген. Сонымен қатар бұрынғы ішкі істер министрі Өмүрбек Суваналиев пен Қаржы полициясының экс-басшысы Сыймык Жапыкеев те президенттікке түсу жоспарлары туралы мәлімдеген.

 

Сайт Әкімшілігі