Сараптама

Генерал Рақымовты туған ұлтымен қауыштырған тұлға

Ғалым Әсілхан Оспанұлы туралы бір ауыз сөзҚазіргі таңда Ұлы Отан соғысының батыры, атақтыгенерал Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенін білмейтін жан жоқ.

Jasalash.kz

Бұл туралы бүкілҚазақ еліне осыдан 48 жыл бұрын, 1972 жылғы 6 маусымда сүйіншілеп, біріншіхабарлаған «Жас Алаш» (ол кезде «Лениншіл жас») газеті болған-ды. Біраз уақыттан бері көршілес Өзбекстанда генералРақымовтың ескерткіші алынып тасталғаны қызу талқыға түскені белгілі. Бірақгенералдың ұлты қазақ екенін дәлелдеп, өткен ғасырдың 70-жылдарының басында өкіметтарапынан біраз теперіш көрген шымкенттік ғалым Әсілхан Оспанұлының есімінбәріміз білуіміз керек.

Генералдыңжұбайы шапан жапқан

 Республикажәне облыс көлемінде теледидардан жиі көрсетілген, Ұлы Отан соғысындағыЖеңістің 60 жылдығына арналып түсірілген 120 минуттық «Қазығұрт қыраны» деректіфильмінде батыр генералдың жұбайы Құралай  Рақымовтың қазақ екенін дәлелдеген ұлтжандыазаматтың есімін екі рет атайды. Фильмнің 40-минутында Құралай апайымыз:«Бірінші Әсілхан Оспанұлы жазды», – дей келе, сол фильмнің 80-минутында:«Әсілхан Оспанұлы деген доцент Шымкентте тұрады. Сол: «Мені атса атып жіберсін,басқалар күймесе де, мен күйемін», – деп жазды», – дегенін бүкіл Қазақстанхалқы көрді. Ғалымның азаматтық ерлігін батырдың жары осылайша жеткізген-ді.Шымкенттің жайма-шуақ күндерінің бірінде генерал Сабыр Рақымовтың жұбайыҚұралай апай ғалым ӘсілханОспанұлының үйіне келіп, иығына шапан жапты. Мұнысы ғалымныңгенерал Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенін дәлелдегенін және батыр туралыжасаған басқа да зерттеушілік жұмыстарын құрметтеуінің белгісі еді. Шапан жауыптұрып батырдың жұбайы ғалымға: – Әсеке! Батырдың ұлты қазақ екенін дәлелдеген азаматтық  ерлігіңіз үшін Сабыр ағаңыздың аруағы риза депсенемін. Ол кісі халықтың жыр мұраларын өте жақсы көретін. Соғыстан аман-есеноралса, Майлықожа, Құлыншақ, Мәделі сынды Қаратау атырабы ақындарының өлеңдерінауылма-ауыл жүріп жинап, зерттеп, халыққа жеткізген үлкен еңбегіңіз үшін өзікеліп иығыңызға шапан жабар еді ғой. Сондықтан бұл шапанды ағаңыздың кигізгенідеп қабылдаңыз, – деді. Сол күні ғалым мен батырдың жұбайы екеуі кең дастарханбасында отырып 70-жылдар туралы біраз сыр шертіскен еді.

Бұлқалай болған еді?

Ғалым Әсілхан Оспанұлы өзінің зерттеу жұмыстарын1971 жылдың жазында генералдыңшөбере  туыстарының үлкені, 92 жастағы Байдарақсақалмен сұхбаттасудан бастайды. Сол тұста Байдар ақсақал Қазығұртбауырындағы Жаңабазар жеріндегі «Коммунизм» совхозының тау жақ түкпірінде орналасқанЖамбыл атындағы бөлімшесінде тұратын еді. Осы кездесудің нәтижесінде Байдарақсақал, Шерхан Рысқұлов, Қанат Құрымбаев, Әбу Тілеухановтар өздерінің генералСабыр Омарқұлұлы Рақымовтың туысы екенін және батырдың ұлты қазақ екенінрастап, әрқайсысы ғалымға бөлек қолхат жазыпбереді. Бұл қолхаттарда жазылған сөздердің шын екенін сол кездегі Шымкентоблысы Ленин (қазір Қазығұрт ауданы – Б.О.) ауданының Жаңабазар ауылдықкеңесінің мөрі басылып расталады. Бұдансоң ғалым Әсілхан Оспанұлы Ташкент қаласының орталығындаорналасқан Әлішер Науаи атындағы опера және балет театрының түбіндегі «Шымкенторамы» көшесінің 9-үйіндегі 37-пәтерде тұратын батырдың жұбайы Құралай апайменкездесіп, әңгімелеседі. Осындай ізденістерінің нәтижесінде өткен ғасырдағы 1972жылдың 9 мамырында шымкенттік ғалым, яғни филология ғылымының кандидаты,Шымкент педагогикалық институты қазақ әдебиеті кафедрасының доценті ӘсілханОспанұлының Ұлы Отан соғысының батыры, генерал С.Рақымовтың ұлты қазақ депжазылған «Қазығұрт қыраны» деген зерттеу мақаласы Шымкент облыстық «ОңтүстікҚазақстан» (редакторы Әмірсейіт Әлиев – Б.О.) газетінің 2-4 беттерінде жарықкөрді.

 Батырдың қазақ екенін бүкіл Қазақстанғажеткізген – «Жас Алаш»

 ӘсілханОспанұлының «Қазығұрт қыраны (генерал Сабыр Рақымов туралы жаңа дерек)»мақаласы 1972 жылғы 6 маусымда Қазақстан ЛКЖО (Лениндік Коммунистік ЖастарОдағы – Б.О.) орталық комитетінің органы болып табылатын «Лениншіл жас»(қазіргі «Жас Алаш» газеті, сол кездегі редакторы С.Бердіқұлов – Б.О.) газетінің3-бетінде жарық көрді. Бұл жаңалық бүкіл республика көлемінде елеулі оқиғаболып, үлкен қоғамдық пікір туғызды. Сондықтан бұл құбылысқа билік басындағыларда немқұрайды қарай алмады. Әрі бұл жарияланым туралы Өзбекстан басшылығына дахабар жеткен. Дегенмен билік басындағылар ғалым мақалада жазғандай, СабырРақымовты «Екі енені бірдей емген тел қозы десе де болады, ол өзі қазаққаперзент болса, өзбекке жиен. Өйткені оның шешесі, біздің жеңгеміз Бәһірәйім маңындағы Жүнісабад дегенжерде тұратын өзбек диқанының қызы еді. Революциядан кейінгі аласапыран кездекүйеуі қайтыс болғасын, туған ағасы Рақымның көлейтінде болуды ұнатты. Солнағашысы Рақымды саялап жүрген Сабыр да мектепке берген кезде соның балаларықатарында Рақымов болып жазылып кеткенін кейін білдік» деп қабылдамай, ғалымныңтарихи шындықты дәлелдеп жазғанын «халықтар достығына сызат түсірді» дептүсініп, Шымкент облыстық партия комитетіне Әсілхан Оспанұлын шақыртып,түсініктеме беруін талап етеді. Мұндай кездесулерде ғалым өз дегенінен қайтпай,қайсарлық көрсеткен. Іс бұл әңгімелермен шектелмейді, әуре-сарсаңның небір түрібасталады. Ғалымға «Әсеке, мұның сізге қажеті қанша, ертең балаларыңызға қиынболады» деп, «кеңес» берушілер де табылады.

Батырдыңнағашыларымен кездесу

 Шындықты туеткен Әсілхан Оспанұлы батырдың өмір жолын зерттеуді тоқтатпайды, генералдыңанасы Бәһірайымның туған бауырлары, батырдың нағашы ағалары Төлеген мен ӘзизматКәрімовтермен кездесіп, сұхбаттасады. Олар да Сабыр Рақымовтың әкесінің қазақекенін растайды. 1973 жылғы 21 тамызда ғалым батырдың жұбайы Құралаймен біргеТашкент облысы Орджоникидзе атындағы «Коммунист» колхозында тұратын СабырРақымовтың немере қарындасы Лүтпі Оспанқұлқызының үйінде болып, Лүтпі апайдыңаузынан жазып алған әңгімесін арқау етіп, Шымкентке келген соң «Ақырғы аттаныс»атты мақаласын жариялайды. Шымкенткебатырдың жан жары,  Ұлы Отан соғысының ардагері Құралай апайдышақырып, сол кездегі теледидардан көрсетуге мүмкіншілік жасады. 1973 жылғы 7сәуірде Оңтүстік Қазақстан радиокомитетініңқызметкері  ТөлепҚұлымбетовтің дәнекерлігі арқасында кешкі сағат жетіден қырық бес минут өткенде«Қазығұрт қыраны» мақаласы облыстық радиодан оқылды.

РежиссерКәміл Ярматовпен сұхбат

 Ғалым Әсілхан Оспанұлы мұныменшектеліп қалмай, 1973 жылдың күзінде батырдың жары Құралай апаймен бірге азаматсоғысы жылдарында Сабыр Рақымовпен Баку қаласындағы әскери оқу орнында біргеоқып, қанды шайқастарға бірге қатысқан белгілі кинорежиссер, Социалистік ЕңбекЕрі  Кәміл Ярматовқа барып жолығады.  Шаңырақ иесі қонақтарын қуана қарсы алып, ұзақсұхбаттасады. Ғалымның сол жылы жазған «Өмірі өнеге өнерпаз» мақаласында жазылғандай,«Сабыр Рақымовтың ұлты кім еді?» деген сұраққа К.Ярматов: «Қайсымыздың қайұлттан екенімізді біле бермейтінбіз. Әйтеуір, түркістандықпыз деп жүреберетінбіз», – деп келте жауап қайтарыпты. Өзбекстанның ең мықты кинорежиссеріөз ұлтының тәжік екенін де жұртқа жария ете бермеген, себебі сол кездің саясижағдайы сондай болатын. Сөз реті келген соң айта кету парызым – К.Ярматовөзінің тәжік халқының ұлы екенін 1987 жылы Ташкент қаласындағы Ғафур Ғұламатындағы әдебиет және өнер баспасынан жарық көрген «Возвращение (Оралу – Б.О.)»атты естелік кітабының 112-бетінде жазды. Әсілхан Оспанұлы мұндай ізденістерінешқашан тоқтатпаған. Генерал С.Рақымовпен майданда бірге болған Ұлы Отансоғысының батыры Тоғанбай Қауымбаевпен, тағы басқа да азаматтармен жолығып,сөйлесіп, хат алысып отырған.

Ғалым мен билік тайталасы

Ғалымның бұлтартпасдәлеліне қарсы жалпы сөздерден басқа ештеңе айта алмаған билік басындағыларгазет редакторларына ғалымның Сабыр Рақымов туралы болмаса да, соғыс тақырыбынажазған басқа еңбектерін жариялауға тыйым салады. Дегенмен ғалымшындықтан бастартпайҚазақстанмен Өзбекстанның ресми мекемелеріне өзінің дәлелдерінкелтіре отырып көптеген хаттар жазады. Бұл хаттар ғалымның ақиқат жолындағы күресінің азғана бөлшегі.Ұлтжанды азамат, ғалым Әсілхан Оспанұлы билік басындағылардың немқұрайлылығынақарамай, батырдың ерлігін насихаттап, атын мәңгілік есте сақтау үшін әрекететуін тоқтатқан жоқ.

Батырдыңаты әскери мектеп-интернатқа қалай берілді?

Ғалым ОңтүстікҚазаұстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы әскеримектепи интернатқа Сабыр Рақымовтыңесімін беру және ескерткішін орнату мәселесін бірінші болып 1992 жылы көтеріп,газет беттерінде мақалалар жариялап, өзінің ұсыныс хатын ҚазақстанРеспубликасының білім министрлігіне жолдап, министрдің орынбасары ШәмшіБеркінбаевадан жауап та алған. 1996 жылғы 2 ақпанда ғалымның атына министрліктарапынан жолданған бұл хатта: «Құрметті Әсілхан Оспанұлы! Білім министрлігіШымкент қаласындағы республикалық мектеп-интернатқа С.О.Рақымовтың атын беружөніндегі сіздің ұсынысыңызды қолдайды» деп, бұл ұсынысты жүзеге асыру үшінмектеп-интернат ұжымының келісімі мен жиналыс хаттамасы керек екені жазылған.Әсілхан Оспанұлы осы хатты мектеп-интернат ұжымының басшылығына жеткізді, содансоң ұжымда жиналыс өткізіліп, министрлікке хат жолданады. Қазір Шымкенттегіәскери мектеп-интернат генерал Сабыр Рақымовтың атында.

Халқыүшін тынбай еңбек еткен ғалым

Нағыз ұлтжанды азамат ғалым Әсілхан Оспанұлы 2005жылы дүниеден озғанға дейін генерал Сабыр Рақымовтың есімін насихаттап, елесінде мәңгі сақталуы үшін тынбай әрекет етті. Сабыр Рақымовтың ұлты қазақекенін батырдың туыстарының өздері дауыстап айтуға қорыққан, өткен ғасырдың70-жылдарының басында «Атылсам атылып кетейін, бірақ Сабыр Рақымовтың қазақекенін дәлелдеймін» деп айтқан ғалым Әсілхан Оспанұлының алға қойған басқа даазаматтық және ғылыми мақсаттарына қол жеткізу үшін тынбай еңбек еткенібелгілі. Мәселен, КСРО-ны Н.Хрущев басқарған жылдары «Қазақстанның Өзбекстанғаберілген жерлері қайтарылсын, Ленинград қаласындағы Эрмитажда көп жыл тұрғанАхмет Ясауи кесенесінің қазаны Түркістанға қайта әкелінсін» деп, билікбасындағыларға талап хаттар жазған. ОңтүстікҚазақстанның ақындары Майлықожа, Мәделіқожа, Құлыншақ, Ергөбекжәне басқа да сөз сүлейлері туралы талмай зерттеушілік жұмыстарын жүргізежүріп, қоғам өміріне де белсене араласқан. Ғалым Әсілхан Оспанұлы 1986 жылғыЖелтоқсан көтерілісшілерінің күресін ашық жақтағаны үшін де билік тарапынанбіраз теперіш көрді. Ұлы Отан соғысының батыры, айбынды генерал СабырРақымовтың ұлты қазақ екенін дәлелдеп, туған елімен қауыштырған азамат, ғалымӘсілхан Оспанұлының есімі естен шықпауы тиіс.

БердалыОСПАН, мәдениеттанушы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега