Оқиғалар

«ҒЫЛЫМ МЕН РУХАНИЯТ ТОҒЫСҚАН САПАР: ФОРУМ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ АҚИЫҚ АҚЫН М. МАҚАТАЕВТЫҢ АУЫЛЫ ҚАРАСАЗДА БОЛДЫ»

2026 жылғы 18–21 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Халықаралық қатынастар» зерттеу орталығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің «Аймақтық қатынастарды талдау» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ-қырғыз ғылыми ынтымақтастығы: ортақ мүдделер мен ерекшеліктер» атты халықаралық форум өтті.

Jasalash.kz

Халықаралық форумы аясындағы мәдени бағдарлама шеңберінде Қырғызстаннан келген ғылыми қауымдастық өкілдері мен қазақстандық сарапшылар Алматы облысы Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылына арнайы сапар жасады.

Сапар барысында форум қатысушылары қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның халық ақыны Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалдық музейімен танысты. Қонақтар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған экспозицияларды аралап, оның әдеби мұрасы мен қазақ руханиятындағы орны туралы кеңінен ақпарат алды.

Қарасазға ұйымдастырылған бұл сапар ғылыми форумның мәдени-гуманитарлық мазмұнын толықтыра отырып, қазақ және қырғыз халықтарының ортақ тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Қатысушылар Мұқағали Мақатаев шығармашылығында көрініс тапқан ұлттық рух, туған жерге деген сүйіспеншілік және адамзаттық құндылықтардың бүгінгі таңда да өзектілігін атап өтті.

Форум қонақтары мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың халықтар арасындағы рухани жақындасуды нығайтудағы маңызына ерекше тоқталды. Сондай-ақ мұндай мәдени іс-шаралар ғылыми ынтымақтастықты тереңдетумен қатар, екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікті дамытуға ықпал ететіні айтылды.

Қарасазға жасалған сапар қазақ-қырғыз ғылыми форумының маңызды мәдени оқиғаларының біріне айналып, қатысушыларға қазақ халқының әдеби және рухани мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: диплом