Гонконгтағы 168 адамның өмірін қиған өрт ісі бойынша айып тағылды
Гонконг тергеушілері былтыр 168 адамның қаза болуына себеп болған тұрғын үй кешеніндегі ірі өртке байланысты жеті адам мен екі заңды тұлғаға айып тақты.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, айыпталушылардың арасында ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізген құрылыс компаниясының басшылығы да бар. Оларға жалпы 25 бап бойынша айып тағылған. Оның ішінде өртке тікелей қатысы жоқ ақша жылыстату және салық төлеуден жалтару фактілері де қамтылған.
Келесі сот отырысы қыркүйек айына белгіленген.
Өрт 2025 жылдың 26 қарашасында Гонконгтың Тайпоу ауданындағы Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ғимараттардың бірінің сыртында орнатылған бамбук құрылыс тіректері мен қорғаныс торы тұтанып кеткен. Кейін өрт жылдам тарап, көршілес үйлерді де шарпыған.
Апат салдарынан 168 адам қаза тапты.
Тұрғын үй кешенінде шамамен екі мың пәтер орналасқан. Онда 4,8 мыңға жуық адам тұрған, олардың арасында қарт тұрғындар да көп болған.
Wang Fuk Court кешені 1980-жылдары салынған.