Қоғам

Грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы зауытта жұмыс істеп жүріп көз жұмды

Түркістан облысында грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы Тілектес Әділ өндіріс орнында жұмыс кезінде көз жұмды.

Фото: ашық дереккөз

Марқұм есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында күрескен. Ол 2019 жылы 60 келіге дейінгі салмақта ел чемпионы атанған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай плитка шығаратын зауытта болған. Спортшы биіктікте жұмыс істеп жүрген кезде абайсызда электр сымына тиіп, ток соққан. Соның салдарынан ол биіктіктен құлап кеткен. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Жақындарының айтуынша, Тілектес Әділ кәсіпорында жұмыс істеген алғашқы мүмкіндігі шектеулі қызметкер болған. Қауіпсіздікке қатысты қиындықтарға қарамастан, ол еңбек етуін жалғастырған.

Спортшының артында жары мен екі баласы қалды. Ол жаттығуын жалғастырып, алдағы жарыстарға қатысуды жоспарлаған.

 

Сайт Әкімшілігі