Қоғам

Гүл дүкені дауы. Видео қаһармандарының бірі мемлекеттік қызметтен кетті

Шымкенттегі оқиғаның екінші қатысушысы – Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Елқонды берген арызының негізінде жұмыстан босатылды.

Jasalash.kz

Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығына, қажет болған жағдайда, тағайындалған тәртіптік жазаның қызметтік тексеруге сәйкестігін зерделеу шараларын қабылдау тапсырылды. Қазіргі уақытта Д.Елқонды өтініші негізінде қызметінен босатылды.Оның мемлекеттік қызметтен кетуінен ешбір қысым болған жоқ», — делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Шымкенттегі гүл дүкенінде болған оқиғаға қатысушының қатаң сөгіс алғаны хабарланған болатын.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега