Өңір

Гүлден Әбдібақыт. Шырғалаң

«Ол оқып қойса «босағамдағы күшік балтырымды қанатты» деп айтатыншығар. Айта берсін.

Jasalash.kz

Бірақ Ол ештеңеге ден қойып оқымайтын.  Кітаптыңөзін шұқшиып парақтап отырғанын көрмеппін. Шырғалаңы көп өмірінің өзі бір томболар адам ғой. Кітап кітапты оқығанын қайдан көріп едіңіз? 

Жер бетінде бақыт ЖОҚ. Ал бақытсыздықтың шегі ЖОҚ.

 

***

 – Асықпаңызшы, жайырақ айдаңызшы,өтінемін! Өзіңізді ойламасаңыз да шиттей балаларыңызды ойласаңыз етті, – депшырылдап келемін. Менің сөзіме құлақ асатындай безілдеймін.

 – Мен ол салдақыны тапсам өлтіремін,– көзіне қан құйылып, бетінен зәрі төгіліп қарқынды барған сайын үдетіп келеді.Қашып келеді. Бақыт сыйлаймын деп бағдарынан адасқан, басқаны бұнымен қас-қағымсәтте алмастыра салған майдансыз жарынан безіп барады. Түйіні көп тағдырындатұйыққа тіреліп, басар жерін бағамдай алмай, миы сан саққа құбылған Майраапайым дәл қазір құбыжыққа айналып кеткендей. Аждаһа айдаһардың ауызына түсіпбара жатқандай машина артындағы қос балапаны шыр-шыр етеді. Ештеңегешімірікпеген бойда, біздің айқайымызды  да   шыбын шаққан құрлыкөрмей, Майра апай  ашудың жетегінде қызыл бағдаршамнан да зу ете қалды. Демімалқымыма тығылып: «Жаратқан ием, БАР болсаң, бізді сақта!» депбалаларды бауырыма тарта түсемін. Машина оңға бұрыла бере басыма аспаннан ауырсоққы тарс етті де, әп-сәтте әлем астаң-кестең болды да кетті.  Тас түнек шыңырауға бір-ақ «гүрс» еттім декеттім.  Тілсіз, түпсіз тұңғиыққа құлап барамын ба, әлде жоғары самғапбарамын ба, ештеңені білмеймін құлдилап кеп әппақ әлемнің арасынан бірақшықтым. Денем өзімдікі емес сияқты. Аяғым жерге тимей, қалықтап тұрмын.Тынысымды да, денемді де сезіп тұрған жоқ сияқтымын. Мен қайдамын?!

 

***

Ауылдан қалаға ала дорбамды сүйреп бұл үйге келгенімде пультпенбасқарылатын қақпасынан бастап, төрт түйеге жүк болар үлкен, әсем аспашамынашейін таңқалып қарап, таңдайымды тақылдатқам. Байлыққа белшесінен батып отырғанбұл шаңырақтың отанасы Майра апай мені жылы қарсы алып еді. Балаларына қарап, үйінжинап, тамағын пісіріп беретін қызметім үшін қомақты айлық та тағайындап, жайлыжатын орын сайлап қойыпты. Шексіз риза болғанымды жасыра алмай, маған жүктелгенқызметті артығымен істеп жүрдім. Байлығы баршылық үйдің ас бөлмесіне өзімқожалық етіп, аста төк дастарханның ас суын дәмді етіп әзірлеп, бәрініңбауырына кіріп, орнымды тауып алдым. Майра апайым жалақымды да ай сайынартығымен меріп тұрды. Өзімнен артылған еңбегімнің өтеуін ауылдағы ата-анамасәлем-сауқат етіп жіберіп, бір жасап қалдым.

Адам тойынайын десе топсасынан тайып кетеді екен-ау. Әйтпесе, адамжаратылысының шүкіршілігі мол болса, Құдай да оған қасірет атаулыны қимайтынынболар. Төңірегім түгелденген соң да жаным бір тиянақ таппағандай. Әлде кім «сеніздеген бақыт басқа» деп сыбырлағандай. Жаным әлде бір нәрсе іздеп аласұрғандай, шарық ұрып шаршағандай, тағат таба алмай-ақ қойды. Жан-дүниемдіұғынатын, көңілімді түсінетін серік іздегендеймін...

Мен онымен телефон арқылы таныстым. Хат хабарымыз түгесілмек емес…Кездескіміз келді… Жақынырақ ұғынысып, жар болып жұғысып, жылы құшақта махаббаттыңдәмін татқымыз келді… Сол әсерлі шақтың шаттығынан шыға алмай жүргенкүндердің бірінде ол мені кездесуге шақырды.

Майра апай қыз болып қиылып, жігіт атаулымен алғаш кездесуге шыққалыжатқанымды білген соң, өзінің қыз кезіндегі әдемі қызыл көйлегін кигізіп қояберді. Ұлпасына шаң жұқпаған сезімімді көңілімнің көгіне қондырып «Абай» мен «Абылайхан» қиылысқан көшедегі «Malena» coffe boom-ға қарай аяңдадым.Уәделескен жерге қыз баласы әдейі кешігіп келуге міндетті-ау. Ал, мен алқынғанкөңілдің алаңымен алып ұшып, жетіп келіппін. Ерте келіп қойыппын. Айнаға қайта-қайта қарағыштап, далабымды бір өшіріп, бір жағып, ығырым шықты. Келер емес.

 «Қызыл көйлек мүсініңе құйып қойғандай»,–  деген таныс дауыс желке тұсымнансыбырлады. Аппақ раушан құшағыма құйылды. Біздің әңгімеміз жарасып кетті. Өзінақтады. «Махаббат – көзсіз сезім» деді. «Неке – ол тұсау емес, адамдардың ойлаптапқан қақпаны» деді. Мен бәріне иландым. Себебі алғаш рет оны көргенде бірысып, бір суып, жүрегім атша тулап сала берген. Мендік күй, мендік сезімбаяғыша екен. Бәріне басымды изеп, бәріне еріксіз көнгенім – жүрегімніңжүргізген әмірі еді. Шын сүйгендер- жазалы болмайды! Мен онымен арамыздысуытпай жолығып тұрдым. Алдымда не күн туарын білмесем де берілгенім жоқ. Әркездесуден  үйге ақ раушан гүлдерінқұшақтап қайтатынмын. Гүлдерді үйге алып келген сайын Майра апай мұңайыпқалатын «Мақсат та маған  ақ раушан сыйлаушы еді, қазір әкелмейтін болды»деп шағынатын. Мен содан кейін кездесуде сыйлаған гүлін үйге әкелмей, сыртқақалдырып кететін болдым.

Бір күні Мақсат аға мен Майра апай ұрсысып қалды. Мақсат аға басқа әйелменкездесіп жүргенге ұқсайды. Ол әйелден келген хаттарын ұялы телефонынан оқыпқойыпты. Сол күннен бастап Майра апайдың сеніміне селкеу түсті. Екеуі жиі ұрсысадыда жатады. Мақсат аға да үйге көп келмейтінді шығарды. Майра апай балаларынжетектеп төркінін паналайтын болып алды. Айрандай ұйыған аядай отбасыныңынтымағы сөгілді. Жанұя шаттығының туы жығылды. Сонда да дымамды шығармай,тісімді тісіме басып, бәрін бақылап жүрдім. Майра апай шаңырағын шайқағанәйелдің мен екенімді білмесе екен дедім. Оның күйеуін сүйетінім үшін кінәліемеспін.

Мен қазір сіз өмір сүріп жатқан дүниеде емеспін. Мен қазір Құдайдың еңсүйікті қызметшісімін. Құдай теңдік ұғымын терең бағалағандықтан, сіздер жақтажоқ «бақыттың» бәрі мұнда құйылған. Бірақ б...». Әрі қарайғы жерін оқу мүмкінболмады. Бір қанаты өртенген хатты мен талай жылдар бойы тазаланбаған жертөледентауып алдым. Біреудің ашып оқығандығы парақтың умаждалып, мыжылғанынан көрініптұр. Хат иесінің кім екені де, хат кімге жолданғаны да жазылмапты. Хаттың соңғыбөлігі өртеніп кеткендіктен ары қарай хат иесінің не дегісі келгені түсініксіз.

Біз бұл үйді бір ұйғыр атадан сатып алғанбыз. Үй Алматы қаласының тауетегінде орналасқандықтан, бұл маңда қала ішіндегідей шұбап жатқан адам қарасыжоқ. Көбінде жастар түнге жалға алып сауық кештер ғана өткізетін болсакерек,  жер-төленің асты алькоголдісусындардың бос бөтелкелеріне толы екен.

Белгісіз хаттың егесін табуым керек деп түйдім іштей.

Хаттағы Майра есімді әйелдің мекен-жайын табу қиынға соққан жоқ. Қалаорталығындағы аудандардың бірінде көп қабатты үйде  тұратын қарапайым қала тұрғыны екен. Екібаласын шетелде оқытып жатқандықтан коттедж үйін сатуға қойыпты. Бұл мәліметтіңбәрін риэльтордан сұрап білдім.

Құпияға толы хат маза таптырмай бір күні жұмыстан соң хаттағы «Майраапайға» соғып қайтқым келді. Бірден жетіп барғанды ыңғайсыз көрдім де, көпқабатты тұрғын үйдің алдына келіп қоңырау шалдым.  

 «Сіздің үйді сатып алған қызбын» депедім, Майра таңданыспен үйге кіруімді өтінді.  

 – Сізді бұлай тез келеді депойламадым, – деді есік ашып жатып.

–  Жұмысым осы маңға жақын еді, –дедім өтірігімді қиысындырып.

Майра шай қойып, үстел жасауға кірісті.

–  Әуре болмаңыз, апай!

–  Жоқ, несі әуре. Сіз маған жақсылықжасадыңыз, үйімді сатып алдыңыз, балаларыма жақсылық жасадыңыз. Абай Лондонда,Аиша Кореяда оқып жатыр. Оқуын бітсе, оралады ғой. Маған үй өте үлкен. Тіпті,тазалап шаршайсың. Сондықтан сатуға тура келді.

–  Күйеуіңіз қайда?

–  Ол қайтыс… Онымен ажырасыпкеткенбіз...

Жараның аузын тырнап алғанымды сезіп, тартынып қалдым:

 – Кешіріңіз...

 – Ештеңе етпейді. Кел, дастарханғаотыра ғой.

Екеуміз көп әңгіме айттық. Қолы қандай ашық болса, көңілі де сондай дарханжан екен. Басынан кешкен көп шытырманын айтып сырласып,  екеуміз кешті батырдық.  Көлік апатынан бір аяғы кемтар болып қалғанекен.   Алла сақтап балалары аман қалған.Мен білетін көлік ішіндегі тағы бір жанның өлімі туралы тіс жармады. Бір кездеріөмірдің шырғалаңынан кемтар болған жанның енді көңілін шырғалаңға салмайындедім.

Тысқа шықсам көзбайланып,  айналасамаладай ақ шаммен жарқырапты. Тіршілік қайнаған қалада сабылысқан пенделердіңаяғы саябырсыпты. Жанымнан өтіп бара жатқан бірлі-жарым бейтаныстардың жүзіненсұп-суық леп есіп тұла бойымды шымыр еткізеді.  Суық сорған тас қорғанды паналаған қалаадамдарының жүрегіне де салқын тиіп қалған сияқты. Күздің қара суығынанжаураған тәнім де жылу іздейтіндей. Гүл сататын дүңгіршектің шырағы күңгіртжанып тұр. Қасынан аяңдай бере еріксіз бас сұқтым. Қызыл-жасыл дүниеніңхабаршысындай әсем гүлдер көңілге жылы қуаныш сыйлайды. Қалтама қолымды салып,үшбу хатты аялай бір сыйпап дұғамды бағыштадым. Қолымдағы ақ раушанның жалғызкүлтесі үзіліп жерге түсті...

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега