Саясат

Гүлнар Бәжкенова жеті айлық тергеу барысында небәрі екі рет жауап алынғанын айтты

Orda.kz порталының негізін қалаушы әрі бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бәжкенова жеті айға созылған тергеу барысында өзінен небәрі екі рет жауап алынғанын мәлімдеді.

Фото: скриншот

Бұл туралы Elmedia жазды.

«Жеті айлық үйқамақ кезінде менен бар болғаны екі рет жауап алынды. Әрбір жауап алу шамамен 15 минутқа ғана созылды», – деді Бәжкенова сот отырысы басталар алдында.

Журналистің айтуынша, оған жалған ақпарат таратты деген бап бойынша сегіз эпизод бойынша айып тағылған. Оның сөзінше, солардың бесеуіне қатысты бейнежазбалар бар және олар тергеу қорытындыларының дұрыстығына күмән келтіреді.

Сондай-ақ Бәжкенова өзіне тиесілі мүлік туралы тараған ақпаратқа да пікір білдірді.

Ол адвокаты Мұрат Адамның лицензиясынан айырылғаннан кейін басқа заңгерлер оның мүддесін қорғаудан бас тартқанын, соның салдарынан өзіне мемлекет есебінен қорғаушы тағайындалғанын айтты.

Сайт Әкімшілігі