Гүлнара Кәрімова тағы да істі болды
Гүлнара КӘРІМОВАНЫҢісі сотқа жіберілді. Бұл жөнінде Өзбекстан Бас прокуратурасы мәлімдеді.
«Бас прокуратура қылымыстық топ құрып, бопсалау, бюджетқаржысын жымқыру, заңсыз келген қаржыны шетелдерде заңдастырумен айналысқан ГүлнараКәрімова мен бірқатар азаматтарға қатысты істі қарауды аяқтап, сотқа жіберді», — делінген ведомства таратқан мәлімдемеде.
Осыдан бір ай бұрынӨзбекстан Бас прокуратурасы Гүлнара Кәрімованың үстінен тағы бір қылмыстық іс ашылғандығынжөнінде ақпарат таратқан. Онда экс-ханшайымның өнеркәсіп саласында бопсалаужәне жекенің мүлкін күштік жолмен тартып алумен айналысатын тағы бір қылмыстықтобы болғандығы айтылған. Құзырлы органдар мәліметінше, Кәрімова мемлекетке 165миллион доллар, 85 миллиард сум шығын әкелген.
Бірақ Баспрокуратура таққан айыптармен оның қызы Иман Кәрімова мен адвокаты Грегуар Манжакеліспейді. Олардың сөзінше, Гүлнара Кәрімоваға тағылған айыптардың барлығыныңсаяси астары бар.
Гүлнара Кәрімованы2017 жылы Ташкент қалалық соты 10 жылға соттаған. Оған «салықтан жалтарды, асаірі көлемде қаржы жымқырды, офшордағы компания құжаттарын мақсатты түрде жойды»деген айыптар тағылған. 2019 жылдың наурыз айында оны үй қамақтан Ташкентоблысындағы № 21 әйелдер колониясына ауыстырды.
Фото: Әлеуметтік желіден.