Өңір

Гүлсезім Байсалбай. Тоқсан тоғыз хат

… Аспан мен жердің ғана арасынжалғайтынын біле тұра қолынан шарды ұшырды. Шарға жіп байланған, жіп ұшында хатсалбырап барады.

Jasalash.kz

Тоқсан тоғызыншы хат және соңғы.

                                                                        ***  

Құлқын сәріден қозғалысқа енгенескі велосипедтің дөңгелектеріне көз ілеспейді. Күзгі даланы бетке алып,зымырап келеді. Ауық-ауық сықырлай беретіні болмаса, «ескімін» деп тұрған жоқ, кәдуәлгікөліктерден кем түспейді. Жүйткіген желдей. Көлеңкесінің өзі кешіге жаздайтынқос шеңберліге қарсы ұшырасқан таңғы самал тізгіншінің ақ самайын аймалап,бұйра-бұйра шаштарын әлсіз ғана желпіп қояды.

Сықырлауық велосипед тақымдағанару асығыс. Асыққаны-арманы. Қиялының көкжиегінен менмұндалап мақсаты тұр.Санасынан  самғаған ой-көбелек Алатаудыңетегін шарлап кетер еді. Бір мезет өзін жұлдызға балап, табанасты фотомодельболып шыға келетін. Аспанды емес, алып Алматыны нұрға бөлейді-міс. Сұлу бейнесібар суреттерін көше жағалай тізіп қойып, сылаң қаланың сымбатын әспеттеп бағушыеді. Ойша… Жәй ғана ой. Құр елес, бірақ соған иланатын. Бір күні болмаса, біркүні орындалатынына сенетін. Шүбәсіз.

 Анадайдан мұнартқан арманның кезегі ертеңгікүннің еншісінде. Бүгінше қыз тұлпарын қалалық пошта есігінің алдына аялдатып,өзі ішке басын сұқты. Шығысында кеудесіне қиғаштай ілінген сөмке, сөмкеде лықтолы хат-хабар, неше алуан сәлемдемелер бар еді.

Пошташы қыз былайғы ел аманатыниығына өңгеріп, тар көшені бойлай желіп барады. Велосипед тіреуіші жиге тигеншеқыздың тынымсыз ойы төңіректі түгел түртіп шығатын әдеті. Бұл жолы күннен-күнгеауырлап бара жатқан, тесігінен тиын өткен сайын тұншығатын ақша жинайтын құтыныайналышықтай берді. «Қанша теңге болды екен»- дейді сұраулы сыбырмен. –Дәрігер айтқансоманы жинай алармыз ба? – тағы да сұрақ. Санасында үміт пен күдік майданы. Көңілікүпті. Көкірегін қырып күрсінді. Ауыр демнің астарында бір дерті бар. Он сегізгеенді толған бойжеткенді сарсаңға салған дерт. «Мидың қатерсіз ісігі»- дейдідәрігерлер. Қажетті ақшаны таба алса, әп-сәтте алып тастайтындарын да айтқан.Перзентінің пешенесіне шапталған сырқат әкені алысқа, Атырауға арқалантты.Қызының еміне ақша табу үшін өмірінде оталдырып көрмеген трактор рөлін қолынаалды. Ал анасы… анадан қайыр да, қайран да жоқ. Балаларын жетімсіретіп тастап,қайырылмай кеткелі үш жыл. Әр ұяға жұмыртқалап, көкке көтеріле кететін көкекқұсындай болған анасын қыз жүрегі жақсы көруді доғарғалы да үш жыл. Тек екіінісін ойлап қамығады. Байғұс балапандардың аналарын сағынып, кейде ешкімгекөрсетпеген сыңаймен көздерін сығып алатындары бар. Сондайда бірін-бірімүйізгектеуге құмар кішкентайлар бауырмалсып, он жасары екі жас кіші інісінөбектей жөнелетін. Осының бәрі қыз түйсігіне түндік боп тұтылып, қоюқараңғылыққа сүңгіте салады. Бағанағы қалықтаған бейшара көбелекті сұм ойларқұзғын қарға боп жаныштап тастағандай әсерленуші еді.

Велосипед айдаған күйі тереңойға шомып кеткен қыз қақ алдынан аяқасты шыға келген жаяу жүргіншіні көргендеғана есін жиып алды. Майып қылып алмайын деген ниетпен рөлін қалбалақтата бұрыпқалған еді. Болмады. Екеуі екі жаққа қалпақтай ұшты. Ауыр велосипедтің астынанаяғын тартқылап жатып:

– Көзіңе қарамайсың ба?-мұрныныңүсті жиырылыңқырап: -Әрі-беріден соң, велосипед жолағында не жоғалтып жүрсің?Әлде ана жол тарлық етіп жатыр ма? –пошташы қыз алған жарақаты жанына батқанынбілдіргісі келгендей аузына келгенді аталап бақты. Шашылған топан қағазын әупірімдепжинап жатқан жігіт өз қайғысымен әуре, қарсысындағы қыз өңешін қырып өкірді не,бақырды не, шыбын шаққан құрлы көретін емес. Жердегі парақшалардан қолынаілінгенін жиып алды да, кербез жылқыдай керіле жүріп кетті.

 – Ә -әй, –бұл жолы қыз дауысы өзгеше,тарғылдана шықты. Әлі ұзай қоймаған жігітке жетіп барып, қолынан жұлқылаптоқтатты.

– Тым болмаса, аузыңның ұшымен «кешір»деуге сасың келмеді ме? –Көрсеткен қылығына күйіп кеткені сондай, екі қасықабыса, еріні шүртиіңкіреп: –Қалай дәтің шыдап кетіп бара жатсың, а? –азарланатүсті.

Жігіт сонда да міз баққан жоқ.Қыз да тілін тістеді. Екеу арасында мүлгіген тыныштық. Құдды тіл байлаулы, теккөзбен түйісіп тұр, жанарларын тайдырмай ұзақ қарады бір-біріне. Қыз ашуменқадалса, оған төнген жанар не жасырып тұрғаны тылсым. Кенет:

– Көздерің әдемі екен? – депбұлтсыз күнгі найзағайдай тарс еткізген жігіт өз жайымен жөнеп кетті. Бойжеткенқаққан қазықтай қақиып қалған. Тостақандай көздері бадырайып, әлгінің бейнесіқарауытқанша қарап тұрды. Кескін-кейпі жөнінен жігіт те осал емес болатын.Бой-сойы келіскен бозбала қызды әдемілігімен, яки әлегімен дел-сал күйгетүсіргені тағы белгісіз. Лезде тынық жел сәл тыныстап, жігіттен қалған сарқытқағаздардың бір жапырағын алдына үрлеп әкелгені сол-ақ екен, қабағы ашылып,қыртыстары жазылып, жадырап сала берді. Ол төменнен «Кастинг! Моделей ищем нафотосессию!» –деп орысша хабарлама жазылған жарнама қағазын көтерді.

                                                               

    ***  

Ызың-шу, қым-қуыт. Кастингөтетін зал араның ұясындай құжынып жатыр. Қасы-көзі қиылған, шетіненқылдырықтай алпыс қаракөз. Алпысының алпыс түрлі өнері бар, «кілең сен тұр, менатайындар». Сөз берсе, тиектері ағытылып-ақ тұр екен, бірі орысша, бірі қазақшақара сөзден қамшы өреді дерсің! Көмекейі бүлкілдеген шешендердей көсілесөйлейтін сөзшендерден әзер дегенде сөз ауысып, пошташы қызға да кезек тиді.Толқыншашты қыз толқыды ма, әйтеуір біраз кібіртіктеп барып, дауысы сәлдірілдей: –Менің есімім-Зере, –деп бастады да, өз жайынан тарқатты. –Жасым онсегізде. Мектепті биыл бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінетүскенмін. Қазіргі таңда Тарих факультетінің 1-курс студентімін. Арманым-фотомодель бо… –дей берегенде есік тырс-тырс етті. Сырттан қағылған дауысшықты да, ауыр қозғалатын есік шиқылдады. Ар жағынан бүтін залдың назарынашомылып, серілерше сән-салтанатпен теңселе түнеукүнгі «кербез жігіт» кіріпкелді. Қыз аң-таң, аузын буған өгіздей үнсіз. Ізін ала бере сайысұйымдастырушыларының бірі қолын соза орнынан түрегелді.

– Міне! Өзім де осы жаңа сенісұрастырып отыр едім. –Жігітті өзіне таман тартып: –Көп кешіктің ғой, бала?!Мұндайың жоқ еді, әлде қыздарға қырындайын деп қырық құбылдың ба, а? –депәзіл-шыны аралас қағытпасымен отырғандардарды ду күлдірді.  Басы қипақтаған жігіттің жауабы жымиюменшектелді.

 – Жә, уақытымыз көп емес, –әлгі кісі сөзінқайта жалғап кетті. –Бұл жігіт біздің талантты фотографымыз. Аты-Тұрар. Бүгінгікастингтен іріктелген жеті сұлуға телінген жеті серінің бірі осы бала, –деді де«жалғастыра беріңдер» дегендей иегін жоғары көтеріп, емеурін танытты.

                                                          

       ***

Ымырт үйірілген шақ. Тастайқараңғы көшемен Зере келе жатыр. Сүлесоқ күйде, арасында жер тебініп қояды.Ашумен.

 – Неге тап сол жігіт? –әр сөзін қадап, нық-нықайтты. –Алпыс қыздың ішінен суырылып шыққанымды қайтейін, алты жігіттен біреуібұйырмай, алғашқы күннен-ақ арпылдасқан адамға қосып қойса...,- үйіне қайтаржолда аузы көжедей қайнап, күңкілдеумен болды. Тұрармен әріптес болғанықуанышын су сепкендей басқанға ұқсайды. Әдеттегідей қабағынан қар жауып тұр.Пәтер есігін топсасымен жұла жаздап, табалдырықтан сілкіне аттады. Үй іші көзгетүртсе көргісіз, бір өлі тыныштық, тек Саят пен Ерасылдың пырылдаған дауысығана естіледі. Зере ақырын жарықты қосты. Әпкелері кешіксе, өз қамдарын өзіжасап, құшақтаса ұйықтап қалатын екеуі бүгін екі жақта дөңбекшіп жатыр. –Еее,бүлдіргілер, тағы төбелестіңдер ме? –Зере бауырларының көрпелерін қымтап жатып,зілсіз жекіп алды. Кішкентайы, Ерасыл кеудесіне бүктеулі қағазын қысқан күйіпысылдап кеткен. Ол жәй қағаз емес-ау, біраз жайттан сыр суыртпақтайтынқолжазба іспеттес. Мектепке барғалы Ерасылдың ермегі осы. Реті келсе, хатарқылы тілдескенге қайлы. Бүгін де солай.

«Зереш әпкеге хат. Бізтамағымызды жеп алдық. Сабағымызды да оқыдық. Енді ұйықтайын деп жатырмыз. Хатжазуымның себебі Саят мен ұрды. Қазандағы тамақты ботқа десем ол палау дейді.Мен палау емес ботқа дедім. Сөйтіп таласып жатқанда ол мені аямай ұрғылады.Ертең оған түсіндіріп айтшы палау емес ботқа екенін» –мән-мағынадан жұрдайболса да, бүлдіршіннің арызы мен өтінішін арқалаған хат Зерені күлкіге қарыққылды. Суық жүзіне жылу жүгіріп, көздеріндегі түнек тұтылды да, маңдайынан күнкүлімдеді.

                                                                  ***

Шаруаның шаш етектен екеніненхабар беріп, таңертеңгі оятқыш күндегісінен ерте шырылдады. Кешегі кастингтіңжыры әлі жалғасуда, күнді күнге, айды айға соғатын түрі бар. Әдепкі фотосессиятауда, «Фурманов шыңында» өтетін көрінеді. Бір жағы сол, екінші жағынанТұрармен жұмыс істейтіні тыным бермеген соң, құлықсыз, ештеңеге беттей аларемес. Біресе бері, біресе әрі аунап ұзақ жатқанының кесірінен бар ісіншала-шарпы шайқап шықты. Сөйтіп жүргенде межелі уақыттан кешікті. Үстінеілінген киімді кие салған, көрген адамның күлкісін келтіретіндей ғып, басындақызыл телпек, аяғында ұзын, қып-қызыл етігімен ортекелерше шауып келеді. Тұңғышпрезидент саябағы аялдамасында дырылдап тұрған автобус «сәнқой» қыздың табанытабалдырығына тиген бойда орнынан зу ете қалды. Қалтарыста киіп шыққанкиімдерінен қысылды ма, әйтеуір басқасы аздай беті де қызарып шыға келді. Басынтөменге салып, автобустың артына таман тез-тез жылжыды да, терезе жаққа  жайғасты. Айғыз-айғыз терезеден айналасынакөз тастап еді қып-қызыл ұятының ізі де қалмады. Ұзақ жолдың түпсіз ойғажетелейтіні бар. Бірақ Алматының табиғаты ойлануға мұрсат бермейді ғой, шіркін!Қыраттар, биік құздар, жағалай өскен шыршалар-бәрі санаға нәзік тыныштықұялататынын айтсаңшы! Тауға көтерілем дегенше қара тер, қан сорпасы шыққаныменсаф ауа өкпені бір аралап өтсе, алпыстағы қарт алты жасар баладай орғып кетереді.

«Фурманов шыңы!» –Зере кеңтыныстады. Ұшар биікке көтерілгеніне ұшпаққа шыққандай мәз. Езуі жазылыңқы. Көзұшын әлде де биікке жіберген: «Фурманов шыңы» –деп тағы қайталады. –Арманымныңшыңы да алыс емес, оған да жетермін, –деп шабыттанып тұрғанда ұйыған қатықтықозғап қалғандай:

– Поштабай, мында кел! –жігітдауысы жарқын-жарқын шықты. Қыз атын ата мағанымен, «дәу де болса менішақырды-ау» –деген күмәнмен артына бақса, қолын бұлғап тұрған Тұрар екен.

 –«Поштабайы» несі-ей, мынаның есі ауысқан ба? –Зереекі иығын жұлып жеп, төменге жетіп келді. –«Поштабайды» қайдан шығардың тағы?Қанша жұрттың көзінше бақырып, тіпті! –терісіне сыймай, жарылуға аз-ақ қалған.

 –Несі бар екен? Жарасымды-ақ өзіңе! Жә,теке-тіресіп тұратын уақыт жоқ. Жұрт дейсің, сол «жұрттарды» қарашы, әне, әлденіске кірісіп кеткен. Сенің жүрісің мынау, –Тұрар өктемдік танытпаса да, еркеқызға өзін тыңдау керек екенін ұқтырғандай болды. Жан-жағын бажайлаған Зереәріптесі һәм басшысының растығына көзі жеткен соң, долылау мінезін тиыпүлгерді. Ымыраға келген екеу сәтті фото шығаруға қайым орын тауып, заттарыныңғайластыруға көшкен.

– Айтпақшы, әнеукүнгі қылығымдыайып етпе, –Тұрар саймандарын әзірлеп жатып: –Негізі, ондай әдетім жоқ-ты, сол күнімқаурыт басталған соң..., –деп жігіт ернін жымқырды.

– Не деген мәдениетті еді өзі! –Зерекекесін танытып, күбірлеп қояды.

  –Не дейсің?

– А? Жоқ, ештеңе емес. Сен декешір, кішкене сабырлы болуым керек еді.

Қыздың дауысы сенімсіз естілседе, жігіт ізетпен басын изеді, «кешірдім» деген ишаратпен.

Бір майданнан соң, таудағыфотосессия тәмәм болды. Ендігі екеудің мақсаты-ауқаттанып, жыланын қайтару.Аузын қу шөппен сүртіп Зере отыр, тіске басатын жылы-жұмсақтың бәрі-Тұрардыңсөмкесінен төгіліп жатыр.

– Әжем ғой! «Тауға шықсаң,ашығып қаласың» –деп түнімен пісірді осыларды. Мә, мынау ең дәмдісі, –үлкендеубәлішті Зереге ұсынып тұрып, қалың қастарын қиқаң еткізді. Зере ұялғаннанырымын жасап:

– «Өзінің қыз сиқы жоқ екен»-деп ойлап қалған боларсың, ойымнан тарс шығып кетіпті. Алас-қапаста не істеп,не қойғанымды білмей қалмасым бар ма? Үстімдегі киімім де біразын қыран-топанқылды-ау, шамасы?

– Керісінше, мына стилің ерекшеекен, –деп күлімдеп, Зеремен көзі түйісе қалды. Қызға тән қылықпен Зере жанарынтез тайдырып әкетті. Манағы сөзі ұятының шоғына дем бергендей аяғын етегінетыққыштап әлек болды. Тұрар да дереу әңгіме ауанын ауыстырып:

– Түйіндемеңді қарапшыққанмын… Тарих факультетінде оқиды екенсің ғой?

– Иә, –Зере басын изеді.

– Мына шың туралы не ойлайсың?–төтелей сұрақ қойды.

– Фурманов шыңын айтасың ба?

– Тап өзі! Неге Фурманов? НегеАлаштықтардың атын бермеске? «Бөкейханов шыңы» десе, керемет болар еді. Қалайойлайсың?

– Бұл тек тарихшыныңқұзіретінде емес қой,-миығынан күлді де: –Десе де, игі ой екен, бұрын-соңдыбасыма келмепті де, –деген таңдасын жасырмады.

– Көкейінде «кербез, қуыскеуде»ретінде жатталған жігітті Зере мүлде басқа қырынан танып, пікірі жүз сексенградусқа ойысты. Оқығаны мен түйгені көп Тұрар серіктесін тез-ақ баурап алды.Тауда басталған әңгіме автобуста да жалғасын тапты, қайдағы мен жайдағыны сөзеткен екеуі де жеке өмірлері жайында жақ ашпады. Ары асып, бір-бірінен тықақтапсұрауға батпаса керек.

Іңір түскен мезгіл. Тауданқайтқандардың барлығы автобустан түсіп, үйді-үйіне тарқасты. Қызыл телпегінбасыңқырап киген Зере бұйра шашын әурелеп келеді. Одан жарты метр қашықтықтаТұрар. Джентельмендерше қызды есігінің алдына шейін әкеп тастаған түрі.

– Арғы күні үй жалдап, кешөткіземіз. Келетін шығарсың, иә? –Тұрар Зереге қарай мойнын қисайтып, қиыласұрады. Қыз да кетәрі емес.

– Негізі, отырыспаларға көпқатыса бермеуші едім, –тәртібінен хабардар етіп алған соң, подъез есігін ашыпжатып:  –Бірақ, ойланып көруге болады, –депқулана сөйледі де, ішке қарай жүгіріп кетті. Артынша есік те тарс жабылды. Ерсіде болса, сүйкімді қылығына жігіт сүйсіне басын шайқап қала берді.

Жексенбі таңы. Үш ағайындыдастархан басында астарын ішіп отыр. Әдеттегідей азан-қазан болып жататын таңғыас. Айналдырған екі шуылдақ жан-жағын үйітіп отыратын әдеті баяғы.

– Сен екеуің қоясыңдар ма, жоқпа? Тыныш қана тамағымызды жей алмайтын болдық қой, –әпкелері дүрсе қоя берді.Қанша айтқанмен үлкеннің аты үлкен, жыбырлақтардың мысын басуға дәрменіжетіп-ақ тұр. Үй іші құлаққа ұрған танадай тына қалды. Тек ыдыс-аяқтың шылдырыестіледі. Көп ұзамай бұл тыныштықты Саят бұзды.

– Әпкеееееу, маған екі мың теңгеберші, –деп еркелей сұрады.

– Не істемекшісің сонша ақшаны?

– Анау, біздің көшені сыпыратынатаға беремін. Кеше жанынан өтіп бара жатып, қолғабы жыртық екенін байқадым.Бүтінін сатып алсын дегенім ғой!

– Жоқ, ол жаман атаға берме, –депЕрасыл сөзге араласты. –Ол маған шеколадтың қағазын тастағаным үшін ұрысқан.Сондай жаман адам.

– Өзің ше, Ерасыл! Қоқыстыкөшеге лақтырып, жақсы нәрсе істедім тұрсың ба? Ұрыспақ түгілі, ұрып тастаса даренжіме енді, –Зере Ерасылға жетесіне жеткізіп біраз кейіп тастады. Саят тақалыс қалатын емес:

– Мына сен сияқтылардың артынсыпырам деп-ақ жыртылған шығар қолғабы, –деп ақылды ұл ағалығына салынып,қолғаптың жайын қозғап қояр емес. Ақыры екі мың теңгесін алып ол кетті, ойынқуалап Ерасыл кетті. Екі бөлмелі үйде Зере жалғыз. Бүгін кешке болатын жиынныңқамымен әуре. Не кием, не істеймін деп дел-сал. Шефонерін түгел ақтарып шығыпкөңілге қонымдысын тапқанына мәз. Айнаның алдында екі сағат тұрып әрленгенітағы бар. Соңында не  керек, шаңқай түстебастаған шаруасы шам жағылғанда бір-ақ бітті. Әйтеуір, жүгіріп жүріп бауырларыныңкүйін келтіріп те үлгерді. Үлкеніне кішісін аманаттап, есігін сырттан бекітіп,межелі жерге бет түзеді.

Қызылды-жасылды жарық,даңғырлаған музыка. Зеренің төбе құйқасы шымырлап бара жатыр. Құмырысқадайүйірілген қауымның арасынан Тұрарды іздеп әлек. Көзі-көр, құлағы-тас кереңадамдай орнынан тапжылар емес. Арлы-берлі қозғалған жарық жалқы тұрған жігіттіңжүзін жалап өткенде ғана көптен іздеген Тұрары көзіне оттай басылды. Бұрыштағыжігіттің жанына бармақ болып еді, ішкі дауысы: «Қыз басыңмен қақшаңдап некөрінді?» деп тоқтатты. Ұлы айқай, ұлы шу. Зере жалыға бастады. Қайтып кетугетағы құлқы жоқ. Манағы бұрышқа көз қиығын салса, көңіл делбегендей жұбанышыТұрар ізім-қайым жоқ. Сол заматта шынтақ тұсынан біреу тартқылап, көп арасынантысқа шығарып алды. Онысы- Тұрар екен.

– Жалығып кеттің ғой деймін,иә? –айқалап сөйлегенімен Тұрардың дауысы әлсіз естілді.

– Иә, кішкене ішім пысабастады, –Зеренікі де дәл солай, дүңк-дүңк еткен әуен сөйлеуге мұрша береремес.

– Жүр, ендеше, сыртқа шығайық,–Тұрар Зеренің қолынан ұстап, далаға алып шықты. Мұнда көліктердің шуылыболмаса, құлақты тесетін музыка жоқ, іштен тұншығып қана естіліп жатыр. Тұрарүйден алыстап, Зерені одан әрі сүйрелеп барады.

– Қайда бара жатырмыз? –дауысыүзік-үзік шықты.

– Сәл шыдасаң етті. Маңайдаботаникалық бақ бар екенін білетін шығарсың? Сонда барамыз. Осындай қараңғыдаол жақ тіпті әдемі болып тұрады.

 – Тауыпсың ақымақты. Айналасы қоршау, қалайкірмек ойың бар?

– Қорықпа! Бірінші рет келуімемес.

  Тұншыға естіліп тұрған музыка құлақтыңтүбінен үзілген, қол ұстасқандар біршама алыстап барып баққа жетті. Тұрардың«құпия есігі» осы жолы да айқара ашылып, екеуі оп-оңай ішіне кіріп кетті.Қараңғы болса да, айтса айтқандай, бақ іші басқаша күйге енеді екен. Тұрар зеңгіркөкке қарап отырып:

– Алматының аспанын жек көретінім-ай!–деді мұңды үнмен. Зере әуелі Тұрарға, содан соң аспанға көз тастап:

 – Неге жек көресің? –таңдана сұрады.

– Бала кезімде бұл өмірденозғандар, аспанда жұлдыз боп жарқырайды дегенді көп еститінмін. Бірақ жоғарыданжақындарымды, яғни әке-шешемді таппай жылай беруші едім… аспан жұлдыздарыменкөрікті ғой! –көмейіне өксік тығылғандай, дауысы әрең естілді. Зере қайтаданТұрарға қарады. Үндемеді, бірдеңе деудің де реті жоқ. –Кейде әжем қанша өбектепжатса да, әкенің айқайын, шешенің жұмсақ шапалағын аңсаймын. Сағынамын…Бақандай он екі жыл өксікпен өмір сүріп келемін. Өмір сүрудің түк мәні жоқ менүшін. Әжем болмағанда, мүмкін...

 – Сандырақтама! Қайдағы жоқты шақырып.Білемін, ата-ананың орны бөлек. Бірақ сенің денің сау, он екі мүшең түгел.Тәубеңе кел, тағдырыңа нали бергенше, –Зере көз жасын ұстай алмай қалды: –Меніңде анам-тірі өлік сияқты. Әкемді өзгеге айырбастап кеткен, бізді тастап, –еңкілдепжылай бастады. Тұрар өзін жазғырып:

– Жыламашы, Зере! Кешірші! Менбұлай айтамын деп ойламаған едім. Қалай болғанын өзім де байқамай қалдым.Жыламашы енді, –Тұрарды жұбатам деп отырып, өзі ағыл-тегіл болған қызды бақтағыталдар да уатқысы келгендей жапырақтарын төменге тастап, шашын жанап өтіпжатыр.

                                                    

               ***                 

– Сәлем, Поштабай! –телефон аржағынан мырс-мырс еткен күлкі естілді.

– Осы сен атымдыайтуға шынымен қиналамысың? Әлде мені төмендеткенің бе?

–  Жоқ, ол не дегенің?Сыйлаймын ғой сені! –өз жауабына риза болғандай тағы мырс етіп: – Поштабай,көптен бері сенен сұрағым келіп жүр еді. Бола ма?

– Нені?

 – Неге мұндай жұмыс жасап жүрсің? Хат тасудыайтам..., –Зере іштей күрсініп алды да:

 – Көп ақша жинауым керек. Бірталайдан беріқымбат нәрсеге әуесім кетіп жүр. Соны сатып алайын дегенмін,–шындықты жасырыпқалды. Қымбат затын жұмбақтап, шешіліп айтпады. –Сол себептен хат тасып жүрмін.Басқа жұмыс істейін десем, сабақ кестем келіспейді, әрі өзіме жұмысым ұнайды.Білесің бе, мені адамдар «ең жылдам пошташы» деп мақтап қояды. Соған қарағанда,жақсы жұмысшы болып тұрмын ғой, –деп Зере мақтанға салынып еді:

 – Менде бір хат бар. Бала кезімде жазғам,иесіне жібере алмай суырмамда сары майдай сақтап жүрмін. Жақсы пошташы болсаң,сол хатты жеткізіп берші, –Тұрар бұл өтінішімен қыздың іскерлігін сынағысыкеліп.

 – Сол да сөз болып па? Мекен-жайын көрсетсең,лезде-ақ жеткізіп беремін ғой. Айтпақшы, қаланың ішіне ғана тасымалдаймын, –депескерткеніні сол-ақ екен.

 – Өй, онда несіне мықтымын дейсің? Менің хатымата-анама жазылған. Ал олар қаланың ішінде емес, өкінішті-ақ, құрбым. Мықтыекеніңді мойындай  алмайтын сияқтымын-ау,осы!

 – Мен Алматының поштасында істеймін, анадүниенің емес. Мойындамасаң, мойындамай-ақ қой! Қаласаң, саған бір  әдіс айтайын.

 – Көр.

 – Хатыңды ал да, шарға байлап, аспанға ұшырыпжібер. Сонда ол хат мекен-жайды өзі тауып барады. –Тұрардың миығындағы мырсеткен күлкісі енді езуіне ауысып, қарқылдай жөнелді. Түнгі сағат үш, қарсыбөлмеде әжесі жатқаны есінен тарс шығып кеткен. 

  – Поштабай-ай, әлі баламысың, әлдеаңқаумысың? Не болса да, көңілімді көтеріп тастадың ғой!

  – Күлме! Шын айтам. Сенбейсің ғой! –Зеребұртиып қалды. Тұтқаның артындағы Тұрар да бұны сезгендей:

  – Жарайды, сендім. Ренжімеші енді. Сағат үшболыпты ғой, ұйықтайық. Ертең ертерек тұрып, фотосессияның қамын жасауымызкерек.

                                                                       ***

 – Туу, мың рет хабарласқан шығармын. Қайдажүр? Өзі айтарын айтып алып, мұнша кешіккені несі-ей?- Зере көшенің қақортасында дірдектеп тұр. Күзгі желдің өтінде тұрғандықтан шыдай алар емес. –Неболса, о болсын, үйінен сүйреп шықпасам ба осы, – Қанға біткен мінез қалайтыныштық тапсын? Ашумен Тұрардың үйіне жетіп келді. Есікті әжесі ашып еді, булығыптұрған қыз әп-сәтте байыпты бола қалды.

 – Сәлембердік!

  – Көп жаса, қарағым! –әже жылы үнмен.

  – Мен Тұрардың досы едім. Тұрар үйде ме?

  – Ай, ол әлі ұйықтап жатыр. Кіре ғой ішке.Кір, кір. –Зере ақырын аяндап, ішке кірді.

 – Ұйықтап жатса, оятпай-ақ қойыңыз. Негізі,фотосессиямыз бар еді, кейін ыңғайлай жатармыз.

– Оятпа десең, оятпай-аққояйын, балам. Кел, мында отыр, –дастархан жүзін нұсқады.       – Бұл баланың тал түске шейін ұйықтайтыныжоқ еді. Анау, әлгі «шайтанжарығымен» түні бойы ойнақшып шықты. Ол түгілі, менұйықтай алмадым сол жарықтан. Содан болар тұра алмай жатқаны,-қария дастарханжасап жатып, сартылдап сөйлеп жүр. Ал Зеренің екі көзі қуыстағы қараңғыбөлмеде. Алыста отырса да анық көрініп тұр. Кілең қап-қара фотосуреттерілінген. Тұрардың туындылары екенін іші сезе қойды. Столға енді отыра бергенәжей:

  – Тұрарымның суреттері ғой. Қап-қара түскеқұмар. Әке-шешесі қайтқалы ермегі сол. Қарайғандарды сол бөлмеге тізіп қояды, –депәжесі немересінің бұл ісіне көңілі алаң екенін аңғартты...

   – Тұрар,балам, тұрсаңшы енді, –маңдайынан иіскелеп: –Тапа-тал түс болды ғой. Айтқандай,саған таңертең «әртіс көйлегін» киіп бір қыз келген. –Тұрар төсегінен атыптұрды.

  – Қашан?- көздері дөңгеленіп кетті. –Негеоятпағансыз, әже?

  – Пөтесесиеміз бар деп, артынша маңызды емесдегендей қылды ғой. Оятпа деген соң, оятқаным жоқ.

Бұл уақытта қыз алысқа ұзапкеткен. Тек өзіне ғана бағынатын велосипед рөлі кенет қалбалақтап, дірілдейбастады. Аяғынан әл кетті, тепкішекті басуға дәрменсіз. Дөңгелектерініңжылдамдығы бәсеңдеп барып тоқтады. Зереде ес жоқ. Велосипед оң жаққа қарайауып, жерге дүрс ете қалды. Көзін ашқанында аурухана төсегінде жатыр екен. Дәрігерде қасында. Қолында сараптама қағаздары, көзілдірігін қайта-қайта көтеріп,әлдененің байыбына бара алмай тұрғанға ұқсайды.

 – Ағай, бәрі дұрыс па?

 – Оо, ханшайым, ояндың ба? Ата-анаңменхабарласа алмай қойдық. Сен шақыра аласың ба? Сөйлесуіміз керек.

  – Әкесі өлгенді де естіртеді ғой. Не болса даөзіме айтыңыз. Қазір үйде әкем де, шешем де жоқ.

Дәрігер қолындағы қағазда бірсыр бар еді. Бас сүйектің рентгендік түсірілімінен ақ халаттылар ақау тауыпты.«Мидың қатерсіз ісігі» деп жүргені қатерлі екен. Қыз жүрегіндегі ілдәлдәүміттің жібі үзіліп қала берді. Жанарынан жылжыған жастың тиялар түрі жоқ.Аурухана жастығын әбден ылғалдап тастаған. 

– Жұбату сөзін айта алмаймыз,Зере! Өйткені, жұбату мүмкін емес. Бірақ саған өміріңнің соңына шейін баскөзболу-біздің міндет. Күтім керек.

– Ақыры өлетінім анық болса,күтініп опа таппаспын. Керегі жоқ, үйімде өлгенім артық,- зар-запыраны төгілді.

– Неге түсінбейсің? Қатерліісік ойнайтын нәрсе емес. Ертең қимылдаудан қаласың. Ата-анаң да жоққарайлайтын. Көп қырсықпағаның жөн, –дәрігер ашулана түсті.

Екі көзі домбығып ісіп кеткен.Үйіне келіп, киім-кешектерін жинастырып жатыр. Саят пен Ерасыл есіктегісаңылаудан сығалып, әпкесінің жанына жууға қорқып отыр. Кенет тарс еткен дауысшықты. Құтының шағылған дыбысы еді. Зере бүкіл арманы мен үмітін қоса жиғанқұтыны қабырғаға соқты,  тиын-тебенеденге пытырлай шашылды. Енді әлгі екеуі тіпті шошып кеткендіктен саңылаудансығалауларын доғарып, алысырақ шегінді. Үстел үстіндегі әпкелерінің телефонышыр еткенде кішкентайлардың зәресі зәр түбінен бір-ақ шықты. Тегінде ұры иттіңартындай жылмаңдап жүретін Саят жуасып қалған:

 – Әкем хабарласып жатыр,- деп телефондыәпкесіне ұсынды. Сөйтті де бөлмеден тез-тез шығып кетуге ыңғайланды.

– Алло! Әке! Маған «өлесің»дейді. Үміт жоқ екен, -тұтқаны көтере сала аңырап сала берді. Әкесі деқорс-қорс етеді. Дәрігер мән-жайдан хабардар еткен болса керек. Көкейіндегі сөзкөмейінде кептеліп тұр.

 – Қызым, –деген бір ауыз сөзді әрең айтты.Ары-қарай тұншыққан дыбыс қана естіледі. –Мені кешірші! Саған жақсы өмір сыйлайалмағаным үшін. Қиналуыңа жол бергенім үшін. Кешір мені, қызым.

 – Әке, олай демеші. Неге кешірім сұрайсың? Тезкелсең, болды. Өмірімнің соңғы күндері қасымда болсаң, жетеді сол да! –Әке менқызының әңгіме арнасы осы жерден жабылды. Бүкіл арманынан, мақсатынан бастартқан ол жүресінен отыра кетті. Ой тұңғиығына бойлап бара жатыр еді, пәтерқоңырауы шырылдады. Зере бөлмесінен шығып, есікті ашқанда талып түсе жаздады.Қарсы алдында шешесі. Ана көкектікке салынса да, ана жүрегі олай істей алмасыанық. Құрсағын жарып шыққан қызының жайы оның да құлағына жеткен. Жылай-жылайжар жасы кемігемен қыз бірдеңе деуге, қайрымсыз шешесін сөгуге, болмасақұшақтап, сүюге сасы келмеді. Есікті ашық қалдырып, өз бөлмесіне қайта кіріпкетті. Түрі әбіржеңкі ана кезінде өзі тәлкек қып тастап кеткен ұясына,балаларына қарай жақындады. Саят пен Ерасыл өздеріне қарай ентелеп келе жатқананасын көргенде көздері мөлтілдеп шыға келді. Үш жыл сарыла күткен адам оларүшін бәрібір ардақты еді. Құшағына еніп, мауқын басты. Енесінен ажырап көрмеенкүшіктердей емешегі үзіліп, еміреніп барады кішкентайлар.

Сол түні Зере ауруханағажатқызылды. Күн артынан күн жылжыған сайын, денсаулығы нашарлай берді. Күздіңсоңғы күндері таяған, бірте-бірте қимылдары азайып барады. Мишықты зақымдағанісік емін-еркін жүре алмайтындай етті. Тек медбикелердің көмегіменжүріп-тұрады. Әкесі мен інілері ауруханадан шықпайтын болды. Асты-үстіне түсіп,қай-қайсысы да бәйек боп жүргені. Анасы да сонда. Жүрегі темір емес қой!Кешірген. Бірақ жанында Тұрар жоқ. Ауруханаға жатқалы бері онымен хабарласуыдоғарған. Өзін де, оны да қинағысы келмейді. Жігіт болса күндіз-түні телефонсоғып, бір хабарын алуға зар болып жүр. Зере алыстатқысы келсе, ол жақындайтүсетін сыңайлы. Өйткені, оның аруханада екенін естіген күннен бастап, солжердің тегін күзетшісіне айналған. Зере жатқан палатаның терезесін қарауылдайдыда жүреді.  

 – Әпке, үйге қашан қайтасың? Әкем сенітұмауратып жатыр дейді. Жазылатын уақытың болды ғой. Үйге келші, біз ендітөбелеспейміз. Жасап берген ботқаңды да тауысып жейміз, –деп сүйкімді түріменЕрасыл еріні түріліп, әпкесін көндірмекші.

 – Саған қанша рет айтуға болады? Ол ботқаемес, палау!

– Палау емес, ботқа,- Ерасылбақырып жіберді.

– Ей, жайыңа отыр, әйтпесекөкеңді танытам.

– Сен екеуіңнің төбелеспейміздегендерің қайда қалды? Бір минутта өтпеді ғой бейбітшілік жариялағандарыңа.

 –Иә, сенікі дұрыс. Палау болсын, –депдегенінен қайтып еді, Саят та:

  –Негізі, ботқаға көбірек ұқсайтын, –депмұрнын тыржитты. Саяттың соңғы сөзіне Зере еріксіз езу тартты.

Әпкелерінің жағдайын жасапболған соң, балақайлар үйіне қайтуға жиналды. Сыртқа шыққан бойда алдынан Тұраркүтіп алды.

–– Ооо, балақайлар, тұратұрыңдаршы. Мені танисыңдар ма?

– Иә, Тұрарсың ғой. Зерешәпкенің досы, –Саят саңқ-саңқ етті.

– Зеренің жағдайы қалай? Қалайауырып жатыр? Мен хабарлассам, қоңырауыма жауап бермейді.

– Ол саған жауап бермейді енді.Одан да хат жаз. Жауап бермесе, жауап бергенше жаза бер, – деп Ерасыл өзәдісімен бөлісті. –Сен хат жазсаң, біз жеткізіп беріп тұрамыз. Қарымтасынашеколад, –көзін қысып, кетік тістері ақия күлімсіреді. Тұрар басын шайқады.

– «Ақыл-жастан» деген, иә?! Ендеше,келістік, кішкентай мырза, –деп бүлдіршіндердің қолынан алып, келісім орнатты.

Ертесіне тасымалдаушы жігіттерпалатаға алғашқы хатты әкелді. Ерасыл артына жасырып, көздері ойнақшып:

–   Әпке, бірдеңеайтсам, ұрыспайсың ба?

–  Тағы не бүлдірдің? Ұрысатыннәрсе болса, ұрысам, әрине!

–  Сенің бөлмеңдегішашылған ақшаны жинап, көше сыпыратын атайға бердік. Күн суытты ғой, жылы киімалсын. Ол қатты қуанып қалды, –бір шетінен қорқасоқтап, бір жағынан жақсылықжасағандары үшін мақтана сөйледі.

 – Оның несіне ұрысайын? Дұрыс істепсіңдер. Олақша да тым болмаса, біреуге пайдасын тигізгені жақсы жақсы ғой.

 – Тағы бірдеңе айтсақ ше? Ұрыспайсың ба, –бұлжолы Саят қулана сөйледі.

– Қорқытпай, айтыңдар енді? Нежасырып тұрсыңдар? –Зере Ерасылдың артына қусырған қолын меңзей бергенде екеуіхатты бетіне лақтыра салып қашып кетті. Қолдарын әрең икемге келтіріп, хаттыашып оқи бастады.

 «Қымбатты Зере! Қалайсың? Хабарсыз кеттің,өзіңе қол жеткізу-тіпті қиынға соқты. Інілерің айтқан, тұмауратып қалыпсың. Асқыныпкеткен бе, ұзақ жаттың ғой! Не болса да тез сауығып, ортамызғақосылғайсың!  Сені сағынып жүргендер барекенін ұмытпа!»

Хаттты оқып болғаннан кейінЗеренің көздері суланып кетті. Оның да жүрегіндегі сағыныш жанарындағы мөлдірмоншақты итеріп жатқан еді. Амал нешік, жауап жазуға шамасы жоқ. Жауап келмегенсоң, Тұрар екінші хатын жолдады. Оның соңы үш, үштікі төртке ұласып кете берді.Хат жазуға Тұрар да машықтанған, әр күн сайын күтуге Зере де әдеттеніп алды.Сәл кешіксе, көңілі алабұрта түседі. Бүгін де бірталай кідірді. Есік жаққаелеңдей береді. Үміті күдікке, күдігі уайымға айналып, сарылып отырған да Саяткіріп келді. Інісінің қолынан жалма-жан хатты жұлып алды. «Тоқсан сегізінші»деп нөмерленген хат ылғалданып, сиясы ағып кетуге сәл-ақ қалған.

«Зеретай! Сүйкімдім менің! Бұйрабасым!Поштабайым! Бүгін амалын тауып, сенің дәрігеріңмен тілдескенмін. Бәсе, тұмаутұмау болса, жазылатын уақыты болды ғой деп ойлап жүр едім. Әттең, тағы да бірасылым алыстап кетпекші екен. Неге мен! Тағдырға налыма,- дейсің, бұдан кейінөмірге қалай өкпелемейсің? Айтшы?

Өтініш, мені қинағаныңды қой!Тым құрыса, жамалыңды бір көруге рұқсат етші. Бүгін сағат 17:00-де ауруханаалдында күтемін. Көңілімді қалдырмайсың деп үміттенемін»

Тұрардың көз жасымен жуылғанхатты Зере кеудесіне қысып алған. Жігіттің жүрегінде қылаң берген ұшқын қыздыңда сол жағында тыпыршып тұрған еді. Соның лебімен дәрігерлерден қашып шығуғадаяр. Алайда, санасы жүрегіне әмірін жүргізіп бағуда. Шіркін-ай, десеңші! Сол жақтағыжұмыр етке сот жоқ емес пе? Қайсыбір билігің де жүрмейді. Алып-ұшқан қыз сағаттілі бесті көрсеткенде, соқталдайдай кісілерді алдап соғып, қозғалуы қиын болсада, аяқтарын әупірімдеп басып келеді. Уағдасы бойынша Тұрар сыртта состиып тұр.Қыстың соңғы күні демесең, ақпанның ызғары әжептәуір-ақ. Ғашығының жолын күтіптұрған жігітті әрі-бері аймалап, кірпігіне қырау қатырып тастапты. ҚолындаЗеренің ескі велосипеді, әрі-бері айдап келуге әрекет жасап көргенімен, рөлінбағындара алмай, жетектеп келген. Зере есіктен шыққан бойда Тұрар екі өкпесін қолынаалып, жанына жүгіріп барып, қашып шыққанын түсінген соң, жылдам велосипедкеотырғызып алды да, жетектей жөнелді. Сықырлауық велосипедтің зары «Сайран»көліне жеткен кезде тынды. Тұрар Зерені түсіріп жатып

–      Бұл жерге ғашықтаркөп келеді. Білуші ме едің? –деп қолтығынан демеді.

– Жоқ. Бірінші ретестіп тұрмын.

–  Кеттік, анау жердеекеумізге орын дайындап қойғанмын. Сонда барайық, әйтпесе шаршап қаларсың.

Тұрар Зерені ақырын отырғызып,бар жағдайын жасап қойды. Өз әлінше дастарханды жайнатқан. Романтик! Қыстыңкүні, ашық аспан астында отырып та романтика жасауға болатынын дәлелдеді. Ішінеел қонған соң, қол ұстасып көпірге қарай беттеді.  Дарылдап су ағып жатыр. Көпір үстінде екеуіғана. Тұрар қалтасынан жүрек пішіндес құлыпты шығарып:

– Мына құлыпты әдейі әкеліпедім ырымдап, екеуміздің жүрегіміз деп. Көпірдің жақтауына салып кетейік. Мейліфәниде бірге болмасақ та, сенің менімен бірге екеніңді осылай сезініп жүрейін.Жәй ғана сезініп. Кім білсін, біздің үрдісті басқалар жаңғыртып әкетер. СосынАлматы да «ғашықтар қаласына» айналады, иә! –деп өз сөзін өзі мақұлдап қояды.

 Құлып ілінді. Екеуі қозғалысқа енді. Отырғанорындарынан алыстап кеткен, мауықтарын басып, әңгіме-дүкеннің ауылын аралап келеді.Зере сырқатын бір сәтке ұмытқан, көңілді. Көптен езу тартпаған еді. Өмірінериза. Аспан да риза, ырзашылығының белгісі-ақша қар. Ақ мамығын ұлпалап төгіпжатыр. Қар жаумағалы да бірталайдың жүзі болған. Қара жерге аппақ көрпетөселгендей болды. Әттең, қуанышы ұзаққа созалмады. Ақ төсекке шала-жансар Зереқұлай кетті.

– Тұрар, дә-рі, дә-рі, –депсыбырлауда. Тұрар да ес жоқ. Алыста қалған орындарына қарай жүйткіді. Қолынанбасқа келер қайран бар ма? Оның кетуі бойына жедел-жәрдем көлігі де жетіпкелді. Қашып кеткен науқастарының ізіне түсіп, әрең тапқан олар қызды дереусалып алып, ауруханға әкетті.  Тұрарқайтып келгенінде тек велосипед қана жатты. Зере ақша қарды ақ қағаз етіп,«өмірді сүй, мен сені сүйгендей!» деп жазып қалдырыпты. Тізерлей отырып, жердіұрғылай ғашық жүректің жартысы жылап жатты. Қыстың соңғы күні, Зере өмірінің десоңы боларын кім білген?

Көктемнің алғашқы күндері.Тұрардың қараңғы бөлмесіндегі қасқырдай аңталаған қап-қараңғы суреттердің арасына«қызыл телпектегі» бүйра шашты қыздың суреті ілініп, сәуле шашып тұрды. Ендіфотограф үлкен көшеге бағытталған терезеге күлімдей қарады. Көшедегі әйдіктақташада «Өмірді сүй» деген жазумен Зеренің сұлу бейнесі Алматының сымбатынәтпеттеп тұр. Тұрардың арқасында.

«Білесің бе, Зере? Мен өмірдісүйем. Алматыны сүйем. Жұлдыздарын жасырып тұрған аспанын сүйем. Әйтпесе,самсаған жұлдыздар жаныма жара салар  еді,асылдарымды есіме салып. Жаңбырын сүйем, жылағанда жасыңды жуып өтетін. Тауында сүйем, тасын да. Тағдырымды сүйем, өмір сүруді үйреткен.

Мен сені сүйем, Зере! Өкінішті,өзіңе ашылып айта алмадым. Жүрегімнің түбіндегі сандықшадағы қазынам болып қалабересің. Қош бол!»

Бұл тоқсан «тоғызыншы хат»арқалған нала мұң еді. Бір кездегі Зеренің айтқан ақылын тыңдап, көкке шардыжібермек. Аспан мен жердің ғана арасын жалғайтынын біле тұра қолынан шардыұшырды. Шарға жіп байланған, жіп ұшында хат салбырап барады. Тоқсан тоғызыншыхат және соңғы.

Соңғы, өйткені есківелосипедтің дөңгелектері енді қозғалмайды...

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега