"Dodo Pizza" базасындағы 6,5 млн қазақстандықтың телефон нөмірі хакерлердің қолына түсуі мүмкін
DATASUCKERS хакерлік тобы "Dodo Pizza" компаниясының деректер базасын бұзғанын айтып, Қазақстандағы 6,7 млн клиентке қатысты ақпаратқа қол жеткізгенін мәлімдеді.
Топтың мәліметінше, алынған деректердің ішінде 6,5 млн телефон нөмір бар. Сондай-ақ хакерлер базада 59 млн-нан астам тапсырыс пен 522 млн түрлі оқиға туралы ақпарат болуы мүмкін екенін айтқан.
Өз мәлімдемесін растау үшін топ Қазақстанда соңғы тіркелген мыңға жуық пайдаланушының деректерін жариялаған. Алайда бұл ақпарат кейін өшірілген.
Қазір аталған мәліметтердің шынайылығы мен деректердің нақты көлемі ресми түрде расталған жоқ.
Қазіргі уақытта 6,5 млн қазақстандықтың телефон нөмірі шынымен хакерлердің қолына түскені немесе жарияланғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Сондықтан пайдаланушыларға күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарап, белгісіз сілтемелерді ашпау ұсынылады.