Баған

Халед Хоссейни: Авторға емес, өзіне көңіл аудартқысы келетін сыншы тез жалықтырады

Америкада тұратын ауған жазушысы Халед Хоссейниді жазушы ретінде әлемге танытқан «Батпырауық қуған жан» романы 2003 жылы жазылған.

Jasalash.kz

Арада біраз уақыт өткен соң ғана Ресей орыс тіліне аударып, тарата бастады. Қазақстан оқырмандары бұл жазушының атын сол кезден бастап қана еміс-еміс ести бастады.

Дебюттіккітабы миллиондаған тиражбен таралып, Америкада 101 апта бойы бестселлерлер (еңкөп сатылған кітаптар) тізімінен түспеген кітаптың жалғасы – «Тысячи сияющихсолнц» шыққанда алғашқы аптада-ақ 1 миллионнан астам данасы сатылып кетті. Бұдансоң шыққан үшінші кітабы – «И эхо летит по горам» романы шықпай тұрып-ақбестселлерге айналды.

ХаледХоссейнидің бұл кітаптарының әлемге миллиондап таралуының бір себебі – көп елүшін беймәлімдеу тақырып – атышулы Ауғанстанда өмір сүретін, өмір сүргенадамдардың тағдыры мен ішкі жан дүниесін ашып беруімен және автобиографиялықсипатының басым болуы (автордың отбасы Ауғанстанның босқыны ретінде АҚШ-тансаяси баспана алған). 

ХаледХоссейни қазір Калифорнияда тұрады, мамандығы дәрігер (алғашқы кітабы шыққанғадейін 10 жылдан аса дәрігер болып істеген), екі баласы бар. Қазір БҰҰ-ныңбосқындар ісі бойынша ерікті өкілі. Бір қызығы, жазушы өзін әдеби тұлға ретіндекөрсетуден бас тартқан. БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша елшілік қызметтердежүреді (босқындардың тағдыры туралы шағын ғана «Морская молитва» кітабынжазды), «Халед Хоссейни» қоры арқылы Ауғанстанға белсенді түрде гуманитарлықкөмек көрсетіп тұрады. Содан да көп жағдайда өз шығармашылығына қатысты сұхбатберуден бас тартады.

Біз аударыпбасып отырған сұхбат ертеректе, 2013 жылы жарияланған. Әзірге ТМД аумағындағыелдер үшін орыс тіліндегі қолжетімді жалғыз сұхбат та осы. 

– Сіз«Батпырауық қуған жанды» жазу кезінде дәрігер болып жұмыс істепсіз, екі баланыңтәрбиесі және бар. Жазуға қалай уақыт таптыңыз сонда?

– Мен ұйқының есебінен жұмыс істедім. Таңғы сағат 5-тетұрамын, шамамен жұмысқа кететін уақыт – 8-ге дейін жазамын. Менің алғашқыроманымның негізгі бөлігі сол бір таң қараңғысы кездерінде жазылды, бұл ерліктіенді қайталай алмайтын шығармын, сірә.

– Жазушыларсеминарларына қатысу сіздің бірінші романыңызды жазуға қаншалықты көмектесті?

– Мен ғажап жазушы және қымбатты дос Тамим Анзари жүргізгенСан-Францискодағы жазушылар семинарында «Батпырауық қуған жаннан» үзіндіоқыдым. Жазушылар арасында айтылатын кеңестер кейде өте дәл болып жатады, мағаніс жүзінде көмектесті де. Ал кейбір пікірлер соншалықты пайдалы болды дейалмаймын, сондықтан алған әсерім ала-құла деуге болады. Мен жазу мәселесіне өтеқатал қараймын. Қысымға көне салатын жазушылардың сапынан емеспін, әсіресешығарманың алғашқы нобайына тигізуге болмайды, бірақ болашақ кітабымды үш-төртрет көшіріп жазған соң ғана редактордың үлесін жоғары бағалаймын. Қателіктіөзім жіберуім керек және оны түзеудің жолын да өзім табуым керек.

– Өзіңіздіңдұрыс жолда келе жатқаныңызды қалай түсінесіз? Сізге идея келген сәтте-ақ сізкітабыңыз шығатынын білдіңіз бе?

– Білем ғой, енді… Мені оқиға мен кейіпкерлерқызықтырып тұр – болды, керегі осы ғана. Күнде таңертең ояна салып өзің ойлаптапқан қиял әлеміне тағы кіретінің туралы қорқынышпен ойлау жақсы белгі емес.Ертеректе романдарымды зор құлшыныспен бастайтынмын, бірақ жүз, әлде екі жүзбеттен кейін жай ғана міндетімді орындап жатқандай, жазып жатқан дүнием шынайы емессияқты, қызықсыз көріне бастайды. Мұндайда тез арада басқа бір нәрсеменайналысып кетемін. Керісінше, дүкенде кезекте тұрғанда да кейіпкерлерімді ойлаптұрсам, тіпті әлдебір фильм көріп отырғанда да ішімдегі кейіпкердің даусынтоқтата алмайтын жағдайға жетсем, қажетті идеяның жалынан ұстағанымды,әлдененің жұмыс істей бастағанын түсінемін. Менің үш романымда да солай болды.

–Қолжазбаңызды редакторға бергенге дейін біреу-міреу оқи ма?

– Иә, тек менің әйелім Ройя оқиды. Ол жазушы емес, бірақөте білікті, байқампаз оқырман. Маған не істеу керегін айтпайды, дегенмен меніңжазғаным бола ма, болмай ма, соны айта алады. Әдетте жартылай жазып болыпқалғанда қарадай оқып шығуын өтінем. Оның пікірі қашанда шынайы, тура және жарамсақтықтанада. Ол өз пікірін айтудан қаймықпайды, менің қалауым да осы ғой. Оның болады,болмайды деген бір ауыз пікіріне сол үшін сенемін. Ол менің қолжазбамның барлықнұсқасын оқып шығады, сосын, біз ортақ тоқтамға келген соң ғана қолжазбабаспаға жіберіледі.

– Сіздіңжұмысыңызға агенттер мен баспагерлер қаншалықты әсер етеді? Қашан тыңдау керек,қашан өз дегеніңізде тұру керек екенін қалай білесіз?

– Мен агенттеріммен ешқашан ештеңені редакциялағанемеспін. Дегенмен редакторлар Синди Шпигель («Батпырауық қуған жан») мен СараМакгратпен (соңғы екі кітабым) қарым-қатынасым өте нәтижелі болды. Мен жұмысістеген редакторлар сияқты өте талантты, пікірі маңызды, сөзі сенімді редактортабудың пайдасы зор. Негізі, мен редакциялауды жақсы көрем, күтіп жүрем. Мен редактордыңшаруасын авторға өз жұмысының бүкіл мүмкіндігін көруге көмектесу тұрғысынанбағалаймын. Синди мен Сара менің кітабымдағы өзім көрмеген дүниелерді көругежәне текстегі барлық мүмкіндіктерді пайдалануға көмектесті. Оларға осы үшіналғысым зор. Барлық жазушылар сияқты мен де редактордың ұсынысын мұқият жәнеанықтап қарап шыққаннан кейін, оның ойы мен ішкі түйсігімді таразылай келе, өз пікірімдеқалған кездер де болды. Бір қуанарлығы, мұндай жағдайдан кейін қабылдағаншешіміме ешқашан өкінген емеспін.

– Сынғақалай қарайсыз?

– Қалай болу керек, солай қараймын. Сынға ұшырағандыешкім сүймейді, бірақ мен терең ойлы сынды құрметтеймін. Десе де, цинизм менсарказмды жек көрем және авторға емес, өзіне көңіл аудартқысы келіп тұратынсыншылардан тез жалығамын.

– Турлардасізге көбіне қандай сұрақ қойылады?

– «Кітаптарыңыз қаншалықты автобиографиялық?» деген.

– Жазушыекеніңізді баяғыдан білдіңіз бе?

– Мен жазуды жақсы көретінімді білетінмін. Сонау балакезімнен жазып жүрдім. Бұл мен есімді білгелі еркімнен тыс пайда болды.Кейіпкерлер ойлап табу мен оларға қатысты оқиға құрастыруға құмартпаған кезімесімде жоқ. Бірақ жазушы екенімді білдім деу мен бұл жағдай мүлде бөлек нәрсе.Ешқашан дәл солай ойламаған болуым керек, өйткені нағыз жазушы өз тарихынжазады, ал көп жарияланатын жазушылар мен сияқтылармен салыстырғанда мүлдебасқа. Жазушылықты өзімнің әлсіздігім деп те ойладым. Тіпті «Батпырауық қуғанжан» жарияланған соң да өзімді жазушы деп атауға қатты қиналатынмын, себебі олкезде нағыз жазушылар бірнеше кітап шығарады дегенге өзімді сендіріп қойғам. Алқазір (үш кітабы шыққан соң – ауд.) менде ешқандай аргумент қалған жоқ, қазіржол жүргенде «қызметі» деген жолға «жазушы» дегенді жаза саламын.  Жалпы, мен өзімді өз сүйген ісімен айналысуарқылы ақша табатын және онысына ешкім бөгет болмайтын жолы болғыш адамдардыңтобына жатқызамын.  

Аударған Алмас НҮСІП

Суреттерашық интернет көздерінен алынды

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега