Қоғам

Халықаралық іздеудегі 3 адам сотталды

2023 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін елордада қылмыстық құқықбұзушылық жасаған 8 қылмыскер экстрадицияланды.

Фото: pixabay

Қазіргі таңда экстрадицияланғандардың үшеуі сотталды.

«Telegram» қосымшасын пайдалану арқылы «мефедрон» психотроптық затын ірі көлемде заңсыз сатқаны үшін іздеудегі қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2 жыл бойы іздеуде болған.

Екінші айыпталушы қаржылық пирамида құрып, оған азаматтардан заңсыз үлестік жарналар алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген шығын 85 млн теңгеден астам.

Үшінші қылмыскер аса ірі мөлшерде бөтен мүлiктi талан-таражға салғаны үшін 7 жылға сотталды.

Елорда прокуратурасы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласында құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тұрақты негізде үйлестіреді. 

Nazym Sapar
Тегтер: заң