Саясат

Halyk bank-те өзгеріс: Тимур мен Динара Құлыбаевтар директорлар кеңесінің құрамын өзгертті

Мәжит Есенбаев Halyk bank директорлар кеңесінен шығарылып, оның орнына екі жаңа мүше сайланды.

Фото: из открытых источников

KASE Қазақстандағы ең ірі банктегі кадрлық өзгерістер туралы хабарлады.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында келесі шешімдер қабылданғаны хабарланды:

2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап директорлар кеңесінің мүшесі Мәжит Есенбаевтың өкілеттігі өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды;

сандық құрамы жеті адамнан сегіз адамға дейін ұлғайтылды (оның құрамына тәуелсіз директор қызметін атқарған Жақсыбек Құлекеев кірді);

Жомарт Нұрбаев «ALMEX Holding Group» АҚ өкілі болды.

Сондай-ақ бүгін құрамға: Александр Павлов, Арман Дунаев, Жақсыбек Күлеккев, Франк Кайларс, Жомарт Нұрабаев, Петр Романовский, Герман Тишендорф, Үміт Шаяхметова (басқарма төрайымы) кірген, деп жазды Orda.kz.

Т. РАУШАНҰЛЫ