Саясат

«Халық қаласа, ескерткішімді орнатуға қарсы емеспін»

Қазақстанныңтұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА Алматыда ескерткіш орнату керек.

Jasalash.kz

Бұндайұсыныс Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ жоғары мемлекеттік қызметке келгеніне 30 жыл толуқұрметіне арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірбиелікконференцияда айтылды.

«НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев, біз жастардың атынан Алматыдағы Назарбаев даңғылындаеліміздің негізін қалап, оны дамытуға баға жетпес үлес қосқаныңыз үшін сіздің ескерткішіңіздіорнату туралы ұсынысымды қабылдауыңызды сұраймыз», — деді Жас Отан жастарқанатының өкілі Мәдм АХМЕТОВ. 

Экс-президент жастардан түскен бұндай ұсыныстың қуантатынын жасырмады.Бірақ халық қаласа қарсы бола алмайтынын жеткізді.

«Менөзім мұндай ескерткіштер орнатуға қарсымын. Алдарыңда отырмын ғой. Ескерткіштіңне керегі бар? Қазір барлығы менің қолымда емес. Мен президент емеспін ғой.Бірақ халық қаласа, менің одан бас тартуға құқығым жоқ», — деді НұрсұлтанНазарбаев.

Алматы қаласында 2011 бірінші президент атындағы паркте НұрсұлтанНазарбаевқа ескерткіш қойылған. Ол кезде бастаманы Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ, АқмырзаРҮСТЕМБЕКОВ, Любовь НЫСАНБАЕВАЛАР көтерген еді.

2016 жылы Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласының орталық алаңындада бірніші президенттің ескерткіші бой көтерген еді. Айтпақшы, Нұр-Сұлтанқаласында да Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші бар.

Фото:analiziruy.mirtesen.ru

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега