Қоғам

Ханзада Уильям Қазақстанның ақбөкен санын қалпына келтірудегі жетістігін атап өтті

Ұлыбритания ханзадасы Уильям Қазақстанның ақбөкендерді қорғау және олардың санын қалпына келтіру бағытындағы жұмысын жоғары бағалады.

Фото: royalty.livejournal.com

Ол бұл туралы The Graham Norton Show бағдарламасында айтты.

Ханзада бір кездері жойылып кету қаупі төнген ақбөкендердің бүгінде қайта көбейгенін атап өтті. Оның сөзінше, бұған Қазақстан үкіметінің жануардың ел табиғаты үшін маңызын түсініп, оны қорғау жобасына жан-жақты қолдау көрсетуі ықпал еткен.

Бағдарлама барысында экраннан ақбөкеннің суреті көрсетілді. Жүргізуші Грэм Нортон жануар туралы айтып беруді сұрағанда, Уильям оның сүйкімді тұмсығына назар аударып, жылы пікір білдірді.

Сайт Әкімшілігі