Хорватиялық кәсіпкер «Қазақстан халқына» қорына 22 миллиард аударды
Алматының тумасы, Forbes тізіміне енген кәсіпкер Василий Анисимов «Қазақстан халқына» қорына 22 миллиард теңгеден астам қаржы аударды.
Бұл туралы қордың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қазақстан халқына» қорына 2023 жылдың 1 қаңтары мен 30 маусымы аралығында 23 миллиард 404 миллион 145 мың теңге түскені көрсетілген.
Василий Анисимов 1951 жылы Алматыда дүниеге келген.
Жеке инвестор, 2023 жылға арналған ресейлік миллиардерлердің Forbes рейтингінде 72-орында. Оның байлығы 1 600 000 000 долларға бағаланған.
1951 жылы 19 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген Василий Анисимов 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтында білім алған.
Ол 2011 жылға дейін Әлішер Усмановтың Metalloinvest холдингіндегі серіктесі болды.
Миллиардер азаматтығын өзгертуге шешім қабылдап, қазір Хорватия азаматы екені 2022 жылдың 1 желтоқсанында белгілі болды. Кәсіпкер Ресейден Швейцарияға қоныс аударған.
Ол сондай-ақ, Швейцариядағы Coalco әзірлеу компаниясының иесі және Ресейдегі ең ірі тау-кен металлургиялық холдингтерінің бірі Металлинвесттің бұрынғы иесі.