Хромтауда пышақ жарақатын алған ер адамның мәйіті табылды
Хромтауда түнде көпқабатты үй ауласынан пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылды.
Кейін оның Дон тау-кен байыту комбинатының қызметкері екені анықталды.
Полицияның мәліметінше, 3 мамырға қараған түні екі ер адам бірге ішімдік ішіп, араларында жанжал туындаған. Соның салдарынан олардың бірі пышақ қолданған.
Күдікті ретінде марқұмның танысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.