Әлеумет

Хуситтер "Баб-әл-Мандеб" бұғазын жабамыз деп қорқытты

Йемендегі хусит қозғалысы "Баб-әл-Мандеб" бұғазын жабуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл бұғаз Араб түбегін Африкадан бөліп тұрған маңызды теңіз дәлізі саналады.

Фото: Reuters

Хуситтер құрған үкіметтің сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн әл-Эззи егер Санаа бұғазды жабу туралы шешім қабылдаса, оны ешкім қайта аша алмайтынын айтты.

"Егер Баб-әл-Мандеб бұғазы жабылса, оны ешкім аша алмайды. Сондықтан Дональд Трамп және оны қолдайтындар бейбітшілікке кедергі келтіретін саясаттан бас тартып, халқымыздың құқықтарын құрметтеуі керек, -  деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін хуситтер үкіметінің ақпарат министрі орынбасары Мұхаммад Мансур «Ансар Алла» қозғалысы АҚШ пен Израильдің Иран мен Ливанға қарсы әрекеті күшейген жағдайда немесе Парсы шығанағы елдері Иранға қарсы соғысқа қосылса, бұғазды жабу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген.

Оның айтуынша, Баб-әл-Мандеб бұғазының жабылуы жаһандық энергетикалық дағдарысқа әкеліп, мұнай бағасын күрт өсіруі мүмкін.

"Мұндай жағдайда мұнайдың бір баррелі 200 долларға дейін қымбаттауы ықтимал", — деді ол.

Айта кетейік, Иран мен АҚШ арасындағы Ормуз бұғазы мәселесі әлі де шешімін тапқан жоқ. Тараптар бұл стратегиялық теңіз дәлізінің мәртебесі мен қауіпсіздігі бойынша ортақ келісімге келе алмады.

Сайт Әкімшілігі