Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.
Игорь Лепеха 1962 жылы 20 қарашада Қарағанды облысы Осакаровка поселкісінде дүниеге келді.
1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын инженер мамандығында, ал 1993 жылы Ресей Федерациясының ІІМ Академиясын заңгер мамандығында тәмамдады.
1986-1987 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласы ІІБ-нің техникалық бөлімінде аға нұсқаушы;
1987-1988 жылдары Қарағанды облысы Гагарин ауданы ІІБ-нің саяси бөлім бастығының орынбасары;
1988-1990 жылдары Қарағанды облысы Абай қаласы ІІБ-нің саяси бөлім бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
1990-1993 жылдары Ресей Федерациясы ІІМ Академиясының тыңдаушысы болды.
1993-1997 жылдары Қарағанды қаласы Советский ауданы ІІБ бастығының орынбасары, бірінші орынбасары;
1997-1998 жылдары Қарағанды облысы ҚІІБ Патрульді полиция басқармасының бастығы;
1998-2005 жылдары Қарағанды облысы ҚІІБ әкімшілік полиция қызметінің, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы;
2005-2009 жылдары Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары;
2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары;
2011 жылдың 4 қыркүйегінен Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2022 жылғы 6 қазанда Ішкі Істер министрінің орынбасары қызметіне келді