ІІМ: Кексельге қатысты тергеу жалғасып жатыр
Бүгін, 21 қарашакүні бұрынғы бас прокурор, сенат депутаты Қайрат ҚОЖАМЖАРОВ арнайы прокурорларқызметінің бұрынғы жетекшісі Олеся КЕКСЕЛЬДІҢ үстінен қозғалған қылмыстық істоқтағанын айтты.
Бірақ ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарып,Олеся Кексельге қатысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Әуелі сенатдәлізінде Қ.Қожамжаров журналистерге былай деді: «Кексельге қатыстықылмыстық іс тоқтатылды. Мұны Кексельдің өзінен естіп білдім. Тергеуші оғанхабарласып, „қылмыс құрамы жоқ болғандықтан“ істің тоқтатылғанын айтқан».
Қ.Қожамжаровжурналистерге О.Кексельге қатысты тергеудің энергетика министрінің бұрынғыорынбасары Анатолий ШКАРУПАНЫҢ ісімен байланысты екенін айтқан.
«Арызды кімжазғанын білесіздер, кезінде Шкарупаға қарсы қаржы жымқыру ісі бойынша куәлікбергенмін. Бұл куәлік жедел іздестіру шаралары арқылы дәлелденді. Сондықтан бұлқорғау тарапының тактикасы», – деді ол.
Бірақ көп ұзамайішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі О.Кексельге қатысты қылмыстық істоқтатылды деген ақпаратты растамай, тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.
"Ішкі істерминистрлігі Олеся Кексельдің ісі тоқтады деген ақпаратты растамайды. Тергеуамалдары жүріп жатыр", – ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Олеся Кексельбұрынғы үкімет жетекшісі Серік Ахметовтің ісі бойынша тергеу тобын басқарған. Бұданбөлек ол бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаевтың ісін жүргізгентергеу тобына жетекшілік етті. Ақпарат құралдары Кексельдің мамыр айында арнайыпрокурорлар қызметінің жетекшісі қызметінен босатылғанын хабарлаған.
Олеся Кексельгеқатысты тергеу амалдары басталғанын алғаш хабарлаған «Время»газетінің жазуынша, қылмыстық іс кәсіпкер Нәбиевтің арызынан кейін қозғалған.Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұған дейін бас прокуратураға бір азаматтыңарыз түсіргенін, арызда Кексель мен бас прокуратура тергеу тобының мүшесіБауыржан Ғаббасовтың тергеу кезінде заңға қайшы әрекетке барғаны көрсетілгенін мәлімдеген.
Қ.Қожамжаров2015-2017 жылдар аралығында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныңжетекшісі қызметін атқарды. 2017 жылдың желтоқсанында ол бас прокурор болыптағайындалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жетекшісініңорынбасары қызметін атқарған О.Кексель де сол уақытта бас прокуратураға жұмысқаауысқан. Кексель 2018 жылдың қазанында бас прокуратураның арнайы прокурорларқызметінің жетекшісі болып тағайындалды. Қ.Қожамжаров 2017 жылдың желтоқсанынанбиылғы жылдың наурызына дейін бас прокурор қызметін атқарды. Осы жылдыңнаурызында ол президент шешімімен сенат депутаты болып тағайындалды.