Әлеумет

ІІМ: Қылмыс жасау үшін шетелден көлік алғандар бар

Қазақстанда шетелдік көліктердің заң бұзушылыққа баруыкөбейген. Мәселен 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда жол ережесін бұзу 3,5 есекөбейген.

Jasalash.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Марат ҚОЖАЕВ хабарлады.

Сондай-ақ, қылмыс жасау үшін шетелден арнайы көлік сатыпалатындар да анықталыпты. Мәселен павлодарлық азаматтар жуырда Ресейден көлікалып келген. Және сол автомен қылмысқа барған екен.

"Үшотандасымыз Ресейден сақтандыру бойынша ВАЗ 2106 көлігін алып, жергіліктібизнесменге қарақшылық шабуыл жасаған. Кейін әлгі көлікті өртеп, айғақтанқұтылған. Осыған байланысты біз азаматтарды өздері кейін тіркей алмайтынкөлікті сатып алмауға кеңес береміз", — деді Қожаев.Сондай-ақ, 27 мыңнан 90 мыңға дейін шетелдік авто көліктізгінін ұстағандар жол ережесін бұзып, видео бақылау камераларын түсіп қалған.Армения, Қырғыз Республикасы, Ресей сынды көліктер алған отандастарымызтарапынан 1800 жол апаты тіркелген Оның 1400 едәуір материалдық шығын әкелген.428 жол апаты оқиғасында 132 адам көз жұмған, 528 адам түрлі дене жарақатын алған.Бұл министрлік таратып отырған ресми ақпарат.

Министрліктіңмәліметінше Қазақстан азаматтары Армениядан автомашина алу үшін сол елде «уақытшатұрушы» мәртебесін алуда түрлі айлаға барып жатыр. Ол фактілер бойынша екіелдің құзырлы органы бірігіп іс-қимыл жасамақ.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега