COVID-19

Індет мамырдың аяғына дейін 5 300-ге жетеді - бас санитар

Қазақстанның бас санитар дәрігері АйжанЕсмағамбетова мамырдың аяғына дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардыңсаны 5 300-ге жететінін айтты.

Jasalash.kz

«ЖалпыҚазақстан бойынша сәуір айының соңына дейін 3400 жағдай тіркеледі деп болжапотырмыз. Ал мамыр айының соңына дейін 5 300 науқас болуы мүмкін. Осыған дейінайтқанымдай жағдайлардың көбі сырттан келгендерден тіркеліп жатыр. Соңғы екіаптада ондай 200 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш сыртқы қауіпті білдіреді, бірақішкі емес», — деді ол.

 Қазір эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 27 адам тіркелді. 

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 616 адам,Алматы қаласында – 927,Шымкент қаласында – 189,Ақмола облысында – 98,Ақтөбе облысында – 65,Алматы облысында – 122,Атырау облысында – 131,Шығыс Қазақстан облысында – 17,Жамбыл облысында – 116,Батыс Қазақстан облысында – 130,Қарағанды облысында – 142,Қостанай облысында – 45,Қызылорда облысында – 187,Маңғыстау облысында – 45,Павлодар облысында – 122,Солтүстік Қазақстан облысында – 30,Түркістан облысында – 124, жалпы 3105 науқас тіркелді.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега