Қоғам

Индонезияда кондитерлік фабрика өртеніп, 36 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Индонезияның Ява аралының батысында орналасқан кондитерлік фабрикада болған өрт салдарынан кемінде үш адам көз жұмды.

Фото: әлеуметтік желіден

Тағы 36 жұмысшы хабар-ошарсыз кеткен. Құтқарушылар жексенбі күні де үйінді астында қалған адамдарды іздестіріп жатыр.

Өрт сенбі күні кешке Бантен провинциясының Серанг ауданындағы зауытта тұтанған. Бұл ел астанасы Джакартадан шамамен 50 шақырым қашықта орналасқан. Индонезияның Ұлттық іздестіру-құтқару агенттігінің мәліметінше, құтқарушылар 15 адамның тірі екенін анықтаған. Тағы төрт адам дене жарақаттарымен аурухана мен жергілікті емханаға жеткізілген. Олардың жағдайы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.

Жексенбі күні өрт сөндірушілер ғимараттың кей бөліктеріндегі жалынды ауыздықтауды жалғастырған. Ал құтқару топтары жұмысшылар болуы мүмкін деген үйінді астындағы аумақтарды тексеріп жатыр.

Бантен провинциясының губернаторы Андра Сонидің айтуынша, сенбі кешінде өрт шыққан кезде фабрика ішінде шамамен 60 адам болған. Әзірге өрттің неден тұтанғаны анықталған жоқ.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Индонезия