Иран АҚШ-пен келіссөз бастау үшін жеті шарт қойды
Иран АҚШ-пен келіссөзді қайта бастау үшін Вашингтонға жеті шарт қойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи хабарлады.
Резаидің сөзінше, Иранның талаптары Катардың араағайындығымен АҚШ тарапына жеткізілген. Қазір Тегеран АҚШ президенті Дональд Трамптың жауабын күтіп отыр.
Иран өкілі жеті шарттың барлығын ашық жариялаған жоқ. Дегенмен соғысты тоқтатуға қатысты үш негізгі талабын атады. Олар — барлық майдандағы соғысты тоқтату, Иранның бұғатталған қаржысын босату және АҚШ-тың теңіз блокадасын доғару.
Резаи Вашингтон бұл талаптарды қабылдамаған жағдайда Иранның әскери қақтығыстың жаңа кезеңіне дайын екенін де мәлімдеді. Сонымен қатар ол Тегеранның Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан (NPT) шығу жөнінде әзірге шешім қабылдамағанын айтты.
Осылайша, тараптар арасындағы әскери шиеленіске қарамастан, Катар арқылы жанама дипломатиялық байланыс жалғасып отыр. Иранның мәлімдеуінше, ендігі қадам Вашингтонның жауабына байланысты.