Әлеумет

Иран АҚШ-пен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысудан бас тартты

Тегеран бұл шешімін АҚШ тарапынан қойылған шамадан тыс талаптармен, шынайы жағдайдан алшақ болумен және Ормуз бұғазы маңындағы шектеулердің жалғасуымен түсіндірді.

Фото: ашық дереккөз

Иран Исламабадта өтуі жоспарланған АҚШ-пен келіссөздердің екінші кезеңіне қатыспайтынын IRNA агенттігі хабарлады.

«Иран АҚШ-пен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысудан бас тартты», - делінген агенттік хабарламасында.

Тегеран бұл шешімді Вашингтонның шектен тыс талаптары және нақты жағдайға сай келмейтін үміттерімен, сондай-ақ АҚШ тарапынан Ормуз бұғазына қатысты қысымның жалғасуымен байланыстырды.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық делегацияның Иранмен келіссөз жүргізу үшін Исламабадқа бет алғанын мәлімдеген болатын.

Ақ үй басшысы келісімге қол қойылады деген үміт білдіргенімен, егер Иран келісімге келмесе, елдегі электр станциялары мен көпірлерді жоюы мүмкін екенін айтып, қатаң мәлімдеме жасаған.

Келіссөздердің алғашқы кезеңі өткен аптада Исламабадта өтті, алайда тараптар бірқатар мәселелер бойынша ортақ мәмілеге келе алмады.

Сайт Әкімшілігі