Иран Хаменеи үшін кек алатынын мәлімдеді
Иран парламенті спикерінің орынбасары Али Никзад елдің қарсыластарына қатаң ескерту жасады.
Оның айтуынша, «кек алу тиісті уақытта және тиісті жерде, мұқият жоспарланып жүзеге асады, ал қарсыластар бұл әрекеттері үшін ауыр өтем төлейді».
Ол сондай-ақ уранды байыту бағдарламасы тек «бейбіт мақсатта» жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл Иран үшін «абсолютті құқық әрі талқыланбайтын қызыл сызық» екенін жеткізді.
Сонымен қатар ирандық депутат елдің Ливан, Йемен, Ирак және Сириядағы одақтастарына қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.