Саясат

Иран Кувейттегі АҚШ әскери нысандарына шабуыл жасағанын мәлімдеді

Иран әскері Кувейттегі америкалық күштер орналасқан Әли әл-Салем әуе базасына дрондармен шабуыл жасалғанын хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

Тегеранның мәліметінше, шабуыл нысанасына Patriot әуе қорғанысы жүйелері, сондай-ақ ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен зымырандарды ұшыру қондырғылары алынған.

Иран билігі бұл операцияны өзін-өзі қорғау әрекеті деп атады. Сонымен қатар аймақтағы елдерді өз аумақтарын Иранға соққы жасау үшін пайдалануға бермеуге шақырды. Ал Кувейт шабуылды айыптап, оны елдің мемлекеттік егемендігін бұзу әрі аймақтық қауіпсіздікке қатер төндіру деп бағалады. Кувейт әскері жау дрондарының жолын кескенін хабарлаған. Алайда америкалық әскери нысандардың шынымен зақымданғаны әзірге тәуелсіз дереккөздер арқылы расталған жоқ.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Иран Кувейт