Әлеумет

«Ирандағы соғыстың кесірінен АҚШ-тың Украинаға уақыты жоқ» - Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский ZDF телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Украина мәселесіне жеткілікті назар аудармай отырғанын айтты.

Фото: ашық дереккөз

Оның сөзінше, қазіргі уақытта АҚШ пен Израильдің Иранға қатысты әскери әрекеттері Вашингтонның уақытын алып отыр.

«Олар Иранмен келіссөздер мен байланыстарды үзбей жүргізіп жатыр, ал Украинаға уақыттары жетпейді», - деді Зеленский.


Сонымен қатар ол Батыс елдерінен, әсіресе Германиядан келетін көмекті жоғары бағалап, Берлинді Украинаның Еуропадағы ең ірі стратегиялық серіктесі деп атады. Оның айтуынша, Германия Украинаға АҚШ-қа қарағанда көбірек көмек көрсетіп отыр.

Зеленский Украина Қарулы күштерінде, әсіресе Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне қатысты үлкен тапшылық бар екенін де атап өтті. Сондай-ақ ол Украина Еуроодаққа мүше болуды басты мақсаттарының бірі ретінде көретінін, ал НАТО-ға кіру мәселесі күрделірек екенін жеткізді.

Сайт Әкімшілігі